«СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ

«СЫРДАРИЯ-ТҮРКІСТАН» МЕМЛЕКЕТТІК МЕКЕМЕСІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІ «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН» АКЦИЯСЫНА ҚОЛДАУ БІЛДІРДІ
«Таза Қазақстан» экологиялық акциясының «Таза өлке» апталығы аясына «Сырдария-Түркістан мемлекеттік өңірлік табиғи паркі» коммуналдық мемлекеттік мекемесінің қызметкерлері де өз үлестерін қосып, белсенділік танытты.
Облыстық табиғи ресурстар және табиғат пайдалануды реттеу басқармасы мұрындық болған шараға басқарма басшысының орынбасары Ақжайық Хаметова, «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-нің бас директоры Ақыл Абдихадиров бастаған 60-қа жуық адам қатысты. Атаулы акция аясында 150-ден аса көшет отырғызылды. Атап айтқанда, туя, алма, өрік, ясин, қарағаш егіліп парктің сәніне сән қосты. Сондай-ақ ағаш түптері әктеліп, тазалық жұмыстары жүргізілді. Сенбілік нәтижесінде 1,5 тонна қоқыс шығарылды.
Айта кетейік, өткен жылы парктің аумағына 4 мыңнан астам көшет отырғызылған. Олардың қатарында шаған, үйеңкі, қарағаш, боз арша, жиде секілді тағы басқа көшет түрлері бар. Бүгінгі таңда егілген ағаштарды жауапты қызметкерлер суғарып, күтіп-баптауда.
Жалпы «Сырдария-Түркістан МӨТП» КММ-де 6 орман тұқымбағы бар. Ол 36 га аумақты құрайды. Жыл басынан бері филиал тұқымбақтарынан «Жасыл аймақ» КММ және аудан, қалаларға көктем айларында 110 мың түп көшет тегін үлестірілді.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
13.04.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540