«Сырт көз сыншыл» десек те...

«Сырт көз сыншыл» десек те...

     Қазақстанда қымбатшылыққа қарсы өткен митингінің соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласқаны белгілі. Ел президенті Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдерден көмек сұрады. Мұны кейбір мемлекет құп көрсе, енді бірі «ел қауіпсіздігіне нұқсан тиді» деп есептеді. Бұған қатысты қырғыз журналисі Жұлдыз Бекбаева: «Біз Қазақстанда болған оқиғаны үзбей жаздық. Себебі, ол жақта біздің қаншама азаматымыз бар. Олар көбінесе Алматыдағы базарларда сауда жасаумен айналысады. Сондықтан бұл жерде бірінші отандастардың қауіпсіздік мәселесіне көңіл бөлдік.Біз көтерілістің бірінші күнінен-ақ ақпарат алуға тырыстық. Әуелгіде шерушілер тез тарап, бәрі орнына келетін шығар деп ойладық. Екінші, үшінші тәулікте оқиға шиеленісіп кеткен соң Қазақстандағы жағдайды мұқият бақылап отырдық. Біз осындағы өзіміздің мигранттармен байланысып, оқиғаның мән-жайынан хабардар болдық. Одан кейін елшілік пен Сыртқы істер министрлігінен ақпарат алуға тырыстық. Бастапқыда интернет бар кезде мәлімет алмастық, сосын өшіріп тастаған соң тым-тырыс болып қалды. Оған дейін де, қазір де жазылып жатыр. Бізде сөз бостандығы, ой еркіндігі бар ғой. Бізде іздерде наразылық шерулер мен көтерілістер жиі болып тұрады. Бірақ, ешқашан интернетті өшіріп тастаған жоқ, ол үнемі болатын. Сондықтан, жұмысымызды да кедергісіз істеп, ақпаратты дер кезінде тарататынбыз. Мұндай көтерілістің түр-түрін бір емес, бірнеше рет бастан өткіздік. Сондықтан қазақтар үшін Қырғызстан халқының жаны ауырды, қатты уайымдады. Қазақстан президенті Қ.Тоқаев ҰҚШҰ-ға мүше елдерден көмек сұрап, нәтижесінде бітімшершілік әскері келді. Осы шешім туралы бізде де сын айтушылар көп болды. Яғни, ҰҚШҰ-ға мүше елдерінен көмек сұрайтындай негіз жоқ деп есептеп, бұл митинг кезінде билік тарапынан жасалған қатаң қысым делінді. Жоғарғы кеңесте ҰҚШҰ-ның бітімгершілік әскері туралы талқыланып жатқанда, біздің белсенділер Ақ үйдің алдына шығып, депутаттарды ҰҚШҰ-ның бауырлас мемлекет – Қазақстанға әскер жіберу шешіміне қарсы дауыс беруін талап етіп: «Бұл – елдің ішкі мәселесі. Қазақстан әскерсіз, өзі шешуі керек»,— деді. Бірақ ҰҚК төрағасы Қамшыбек Ташиев Қырғызстаннан баратын әскери күштер тек стратегиялық нысанды ғана күзететінін, бейбіт тұрғындарға қысым жасамайтынын жеткізді. 

Музыкант Викрам Рузахуновтың берген сұхбатында онымен бірге бірнеше қырғыз азаматының болғаны айтылды. Сондықтан біз СІМ мен күштік құрылымдардан басқа да Қырғызстан азаматтарының Викрам сияқты тұзаққа түсіп қалмауын сұрап, тезірек әрекет етуін талап еттік. Әлі күнге Қазақстан билігі қайтыс болғандардың нақты санын айтқан жоқ. Тек қаза тапқан күштік құрылымдарда жұмыс істейтін әскери қызметкерлердің, полицейлердің саны ғана мәлім болды. Бірақ көз жұмған, ұсталған бейбіт тұрғындар жайында нақты ресми мәлімет жоқтың қасы. 2011 жылы Жаңаөзенде оқиғаның қалай басталып, қалай өрбігенін бәріміз білеміз. Тіпті, күштік құрылымдардың қалай әрекет еткені де елдің есінде. Осыдан кейін мына оқиға кезінде де Қазақстан халқы ғана емес, біздің азаматтарды да қандай жағдай күтіп тұрғанын іштей сезіндік. Оның үстіне бірнеше көтерілісті бастан өткізген тәжірибеміз бар. Десек те, бізде сөз бостандығы бар, біздің билік пен күштік құрылымдар зардап шеккендер мен құрбан болғандардың (әскерилерді де, бейбіт тұрындарды да) санын әрдайым айтып отыратын. Ал Қазақстан билігі соңғы уақытқа дейін митингке қатысушы бейбіт тұрғындар туралы неге ауыз ашқан жоқ? Мұның өзі қорқыныш ұялатты. Митинг өткелі екі апта өтсе де, нақты мәліметті неге жасырып отырды? Демек, бір ойлағаны бар деген сөз. Ресми дерек кеше, бүгін ғана айтылып жатыр. Егер соңғы күнге дейін айтпай отырса, цирфды қолдан жасап, неше рет өзгертуі де мүмкін ғой. «Қазақ-қырғыз бір туған» деген сөз бар. Бұл — тарихи ақиқат. Бауырлас халық ретінде Қазақстанға бейбіт, сабыр, тыныштық тілейміз. Бейбіт өмірге тезірек оралса екен дейміз. Иә, Қазақстан халқы бұл қиындықты әлі-ақ еңсереді деп сенемін. Қырғыз халқы моралдық тұрғыдан барынша қолдау көрсетіп жатыр. Біздің елшілік әуежайда қалып қойған Қазақстан азаматтарына көмек беру жағын ұйымдастырды. Оларға жатын орын, тамақ беріп, Бішкекке жетуін ұшақ арқылы ұйымдастырып, әрі қарай көлікке отырғызып жіберді. Ал осындай қысылтаяң шақта ел тұрғындары қаншама азаматты үйінде тұрғызып, ас-сумен қамтамасыз етті.  Олар әлеуметтік желіге хабарлама беріп, ауызбірлікпен жылдам таратып жіберді. Бұл – көрсетілген көмектің бір бөлігі ғана. Бізге Алматыдан нан жіберуімізді сұрап, хабарласқандар көп болыпты. Өзімнің ағам осы істің басы-қасында жүріп, нан жіберу жағын ұйымдастырды. Тағы бір айта кетерлігі, Қазақстандағы төтенше жағдайға байланысты азаматтардан ПТР-тестті талап етуді уақытша алып тастады»,— дейді ағынан жарылып.  

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 315
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9189
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11815
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9584
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10798