Тағы бір басшы күдікке ілінді

Тағы бір басшы күдікке ілінді

Биыл 23 шілдеде Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі қызметтік өкілеттіктерін асыра пайдаланды деген күдікпен ҚР Энергетика министрлігінің энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Қызылорда облысы бойынша аумақтық департаменті республикалық мемлекеттік мекемесінің басшысын ұстады. Бұл туралы ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетінің баспасөз қызметі хабарлады. Ол жер қойнауын пайдаланушылардан жүйелі түрде материалдық пайда алуға мүмкіндік беретін сыбайлас жемқорлық схемасын ұйымдастырды деген күдікке ілінген. 

«Қазіргі уақытта осы адамға қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 362-бабы 4-бөлігінің 3-тармағы (Билiктi немесе лауазымдық өкiлеттiктерді асыра пайдалану) және 364-бабы 1-бөлігі (Кәсіпкерлік қызметке заңсыз қатысу) бойынша тергеу іс-шаралары жүргізілуде. 

Қамауда ұстау бұлтартпау шарасы ретінде тағайындалды. ҚР Қылмыстық-процестік кодекстің 201-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексерудің өзге ақпараттары жария етуге жатпайды», – делінген таратылған ақпаратта. 

 

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
01.08.2025

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 321
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 166
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 468
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 315

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18232
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18093
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33280
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31831
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35536