Таксиші жігітпен әңгіме

Таксиші жігітпен әңгіме

Торғайдан Астанаға таксимен келдім. Жап-жас жігіт екен шопыры. Пысық көрінеді.  Көлігі шетелдік. Баппен жүргізетіні байқалады. Жылдамдықты шектен асырмайды. Арагідік спидометрге қарап қоям, 110-120-дан әріге баспайды газды.  Іші тап-таза. Өзім қазақтың осындай пысық балаларын жақсы көремін. Шаттанамын. Істері алға басса екен деп тілектес болып жүремін. Дұға етемін. Салонда төрт адамбыз. Жол бойы жиі-жиі тоқтап отырды. Түстік іштік, аяқ суыттық, бестің шәйін де ұмытпадық.

Бір байқаған кемшілігім, темекіні көп шегеді екен, сосын жолай салқын  «Горилланың»  екі-үшеуін ішіп тастады. Жай отырмай жігітті сөзге тарттым.

       Інім, табыс қалай? Жүрген-тұрғаның еңбегіңді ақтай ма?

       Аға, шүкір, жаман емес.  Астанаға дейін бір адамға 15 мың теңге. Маған салонға төрт адам сыяды. Демек 60 мың. Астанаға дейін 900 шақырым шамасындай жер. 60-70 литрдей  бензин жағамын. 15 мың теңгедей ақша кетеді оған. Қалған 45 мың теңге бойға құт. Қайтарда тап  солай. Сөйтіп тіршілік кешіп жатырмыз, аға! Қанағат!

       Жақсы екен, інім. Барып-қайтуыңның таза пайдасы 90 мың. Жаман емес.

Әрине, техника болғасын керек-жарағы болады. Тағы 20 мың теңгені шығарып тастайық. Сонда табысың 70 мың дейік.

       Иә, аға, бөлшектер қымбат. 3-4 рейстен кейін дөңгелек «таз» болып қалады. Оны ауыстырып отырмаса тағы болмайды.

       Жарайды, тағы 10 мың теңгені алып тастайын. 60 мың таза пайда дейік.

       Келістім.

       Қазақта «сырт көз – сыншы» дейді ғой. Азаннан қасыңда келе жатырмын. Саған бұдан да көп табыс табуға болады. Тек сен оған мойын бұрмай жүрсің! Әйтпесе әжептәуір қаржыны үнемдеуге болар еді тағы да.

Жігітім елең ете қалды.

       Аға, ол қандай көлденең табыс?

       Мұқият тыңдасаң айтайын.

       Құлағым сізде, аға.

       Айтқым келгені, темекіні көп шегеді екенсің. Бір қорабы қанша тұрады шылымыңның?

       Өй, аға, ең арзаны менікі. 550 теңге. 800-900 теңгеден сатып алып шегеді жұрт.

       Күніне қанша қорап темекі шегесің?

       Екі қорап. Кейде үшеу.

       Біз күніне екеу деп алайық, інім, сонда бір күнде екі қорап темекі 550 теңгеден 1100 теңге. Дұрыс па?

       Иә, аға.

       Енді осыны ай мен жылға шағайық.

Он күнде 11 мың теңге! Бір айда 33 мың теңге! Он айда 330 мың теңге! Тағы екі айды қоссақ, бір жылда  366 мың теңге! Әжептәуір қаражат, ә?

Інім ойланып қалды.

       Иә, аға, бұл жайлы ойламаппын тіпті.

       Інім, енді, анау «Гориллаға» тоқталайық. Торғайдан шыққалы үшеуін іштің. Ол өзі денсаулыққа зиян деп шулап жатыр ғой. Күніне нешеуін ішесің?

       Әртүрлі. Кейде екеу. Кейде үшеу. Ұйқыны қашыру үшін. Кәдімгідей қуат береді.

       Бағасы қанша?

       Жолдағы дүкендерде қымбат. 500 теңгеден алып отырам. Мұздайы жақсы. Қалада 400-450 теңге.

        Күніне орта есеппен екеуін ішесің дейік.

Біреуі 500 теңге болғанда, бір күнде 1000 теңге. 10 күнде 10000 теңге. Бір айда 30 мың теңге. Он айда 300 мың теңге. Оған тағы екі ай қос 360 мың теңге. Осыған темекіге кеткен 366 мың теңгені қосайық. Қанша болады?

       726 мың теңге.

       Денсаулығыңды құртып жатқан темекі мен энергетикалық сусынға тәуелділікті тоқтатсаң, қаншама пайдаға шыққалы тұрсың, інім. Ойлансаңшы, ел ертеңі сендерсіңдер ғой! Атаңнан қалған ас па еді темекі мен «Горилла»?

       Аға, ойланатын нәрсе екен, шынында.

       Інім, бүйтейік, байқап келемін, жігерлі, қажырлы жігіт екенсің. Сен ана екеуінен бас тарт. Шыда! Маған жігітше уәде бер де, күнде кешкісін аузы жабық тек ақша сыятын тесігі бар  банкаға күнделікті темекі мен «Гориллаға» кететін теңгені жинай бер. Бәлкім жарты жылда, мүмкін бір жылда ашуға өзіңе ант бер! Оған дейін онда не барын ұмыт!

        Нар тәуекел, аға, жанашырлығыңызға рақмет. Идеяңыз керемет! Неге солай істемеске? Шыдаймын. Дәл сіз айтқандай істеймін, аға!

       Менің телефонымды  өзіңе сақтап қой. Мен де сенікін жазып қоямын. Байланыста болайық. Егер уәделескен уақытта банкіні ашсаң,  маған қоңырау шал, бір сыйлық менен болады.

Қолымды ұсындым.

       Жарайды, аға, – деді інім жүзі жайнап, көзінде от ойнап:

       Уәде беремін, шыдаймын!

Қол алыстық.

Бұл кезде Астанаға да жақындап қалған едік.

***

PS: Редакциядан ініме бір сағаттай бұрын телефон шалдым. Арқалықтан асып барамын деді. Астанадан ақша жинайтын копилка сатып алыпты. «Бүгінгі 2100 теңгені  соған салып қойдым, аға» деп күліп қояды. Риза болып қалдым.

«Алла Тағала жолыңды оңғарсын, інім. Бәле-жаладан, тосыннан келетін апаттан, бейнеттен аман бол! Жолың даңғыл болсын! Бай-бақуатты тіршілік кеш! Бақытты бол!» деп батамды бердім.

Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК
20.02.2024

Ұқсас жаңалықтар

ТҮРКІСТАН: САУРАН АУДАНЫНДА КҮЗГІ КӨШЕТ ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫ АЯҚТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 132
ТҮРКІСТАН: Р.СЕЙТМЕТОВ АТЫНДАҒЫ ТЕАТРДА БИЫЛ 130-ҒА ЖУЫҚ ҚОЙЫЛЫМ ҚОЙЫЛҒАН
Түркістан облысының Өңірлік коммуникациялар қызметі - 03.12.2024 16
МӘСКЕУДЕН ТҮРКІСТАНҒА НҰРТАС ОҢДАСЫНОВТЫҢ ШАПАНЫ МЕН КІТАПТАРЫ ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 68
МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ КӨРСЕТУДЕН НЕГІЗСІЗ БАС ТАРТУҒА ЖОЛ БЕРІЛМЕЙДІ
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 03.12.2024 62
ТҮРКІСТАНДЫҚ ДЕЛЕГАЦИЯНЫҢ ТҮРКИЯҒА ІССАПАРЫ БАРЫСЫНДА 9 МЕМОРАНДУМҒА ҚОЛ ҚОЙДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 03.12.2024 47
Батыс Қазақстан: Тарихи мекенге сапар
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Орал-Хан ордасы-Орал - 30.11.2024 464
Ауылшаруашылығын өркендеткен ауқымды істер
Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы - 29.11.2024 432
Сыр өңіріндегі өрісті істер
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2024 456
Тал түсте Шығысты қараңғылық бастырған «бір сағаттық белдеуге қарсымыз» дейді халық
Дәулетбек БАЙТҰРСЫНҰЛЫ, экспедицияның мүшесі, «Мөлдір бұлақ» журналының Бас редакторы - 28.11.2024 448
МӘСЛИХАТ МЕРЕЙТОЙЫ – ЖАҢАРУДЫҢ ЖАРҚЫН ҮЛГІСІ
С. КӘРІПБАЕВ, Абай облысы - 28.11.2024 446
 Павлодарда бірнеше зауыт салу жоспарлануда
Тілеуберді САХАБА, Павлодар облысы - 28.11.2024 463
 Қала бюджеті артып отыр
Ш.МЕКЕНБАЙҰЛЫ, Шымкент қаласы - 28.11.2024 453
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 646

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9688
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 9067
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 12301
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 10072
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 11281