Таласқа түссе жан мен ту...

Таласқа түссе жан мен ту...

«Отан оттан да ыстық» деп ұрандатып келеміз. Бірақ сол Отан несімен құнды? Отан дегенде, туған жер дегенде еске бірінші түсетіні, әрине, мемлекеттік рәміздер, көк туымыз, елтаңбамыз бен әнұранымыз. Күнделікті өмірде елде жүрген кезде осылардың қадір-қасиетін көбінесе біле бермейміз. Бірақ өзге елге, жыраққа кетсек, осыларды сағынып, бауырымызға басамыз. Президенттің шетелдік іссапарларының кортеждерінде келген мемлекетін айшықтайтын кішкене Ту ілініп тұрса, қарсы алу рәсімінде екі мемлекеттің жалауы желбіреп салтанатты рәсім өтеді. Бұл байрағы бар елдің абыройын асырып, айбынын асқақтатады. Ол аз десеңіз, олимпиадалық ойындарда жоғары дәрежеде өнер көрсеткен спорт саңлақтары алтыннан алқа тағынғанда көк байрақ көкке көтеріліп, Әнұран орындалады. Сол сәтте кеудеңді қуаныш кернеп, жанарға жас үйіріліп, «ҚАЗАҚ» деген мемлекеттің мерейі үстем болып тұрғанына шаттанасың. Сол үшін де елдің елдігін көрсететін рәміздерге қатысты арнайы күн белгіленген. Алайда біз осы рәміздердің қадір-қасиетін түсіріп, қолда бар алтынның қадірін білмей-ақ қойдық. Көк Туды тулаққа айналдырдық, күл-қоқыс таситын дорба жасап алдық. «Елдігіміздің айбары – Туымыз қорланып жатыр» деп бұқаралық ақпарат құралдары шулайды. Тіпті, елді мекендер тұрмақ қаладағы мемлекеттік мекемелердің маңдайшасындағы ілінген Тулардың тозығы жетіп, өңі қашып жыртылып, оның сабына киілетін ұңғымасын жіппен байлап қойғандарды да көріп жүрміз. Жүрегіміз селт етпейді. Өйткені қадірі жоқ, қадірлі болса, көздің қарашығындай қорғау міндетіміз емес пе? 

Бүгінде мемлекеттік рәміздерімізді дұрыс қолданып жүрміз бе? Және қай жерде қолданған дұрыс? Осыған орай Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің ресми ақпараттық ресурсынан туды қолдану тәртібін назарларыңызға ұсынып отырмыз. Тәуелсіздік күнінде балкондарда көк туларымызды байқауға болады. Балконға туды ілуге болады ма? Иә, болады. Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туын жеке және заңды тұлғалар ғимараттарда, оның ішінде балкондарда және салтанатты іс-шаралар өткізілетін орындарда патриоттық сезімдерін, қазақстандық бірегейлігін білдіру, елдің, оның азаматтарының жетістіктерін қолдау мақсатында пайдалана алады.

Тудың суреттері мемлекеттік номерлерде, кәмпит орамаларында және т. б. қолдану заңды ма? ҚР Конституциялық заңына сәйкес ҚР Мемлекеттік Туының бейнесі өзге де материалдық объектілерде орналастырылуы мүмкін. Бірақ өзге материалдық объектілерге бір рет пайдаланылатын заттар жатпайды. Мемлекеттік Ту – 988-2007 ҚР ұлттық стандартын сақтай отырып әзірленеді. Мемлекеттік Туды дайындау Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен берілген тиісті лицензиясы бар уәкілетті ұйымдар ғана дайындауға құқылы. 

Қандай жағдайларда мемлекеттік туды қолдануға рұқсат етілмейді?

- мемлекеттік жалаулар болса да, адамға немесе затқа Құрмет белгісі ретінде жалауды төмендетуге, 

- туды орналастырған оның аумағында орналасқан заттарға (жерді, еденді, суды) туды оларға тигізетіндей етіп орнатуға;

- тудың бағанын көлденеңінен көтеру (ту әрдайым бұрышта болуы керек);

- туды орналастырған кезде оны зақымдануына немесе кірлеуіне;

- туға бірдеңе жазу және (немесе) сурет салуға;

- тумен бір нәрсені орауға;

- төсек-орын және драпировка ретінде пайдалануға;

- оның бейнесін бір рет пайдаланылатын майлықтарға, қораптарға және басқа заттарға басып шығаруға рұқсат етілмейді.

Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексiнің 372-бабына сәйкес, Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздерін қорлағандар 2 мың айлық есептiк көрсеткiшке дейінгі мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына немесе 600 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не екі жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге немесе сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

 

РАУАН МУТАИР
23.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 197
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 191
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 700
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 823
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 736

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8892
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8287
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11515
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9271
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10499