Таразда екі айлық сенбілікке 29 000-нан аса адам қатысты

Таразда екі айлық сенбілікке 29 000-нан аса адам қатысты

 

Тараз қаласында «Таза Қазақстан» акциясы аясында қала аумағын абаттандыру және санитарлық тазалық жөніндегі көктемгі екі айлық жарияланып бүгін аяқталды. Қала әкімінің қаулысына сәйкес штаб құрамы, іс-шаралар жоспары және кәсіпорындар мен мекемелерге, барлық бизнес өкілдеріне тазалайтын көшелері бекітілген еді. 

Екі айлық аясында жалпы 9 сенбілік өтті. Сенбілік жұмыстарына 29000-нан астам адам қатысты. Екі айлық мезгілінде жоспарланған 15 шақырым арық жүйесі, 230 шақырымдай қала көшелері және 388 030 шаршы метр аумақты қамтитын саябақтар  тазаланды. Сонымен қатар, Қарасу-2, Үшбұлак,Түйте, Қапал каналдары қоқыстан тазаланды.

       Барлығы шамамен 1500 тоннаға жуық  күл-қоқыс қала аумағынан шығарылды.

 

Жалпы биыл қаланы көгеріштендіру аясында 5000 тал егу жоспарланған болатын. Екі айлық кезінде 4000 тал отырғызылды. Қалған 1000-нан аса тал күз мезгілінде егілетін болады.

 

Сонымен қатар, «Жасыл белдеу» бағдарламасы аясында «Қызыл-Абад» алқабына 10 000 тал егілді.

 

Алдағы уақытта қала аумағында сенбілік жұмыстары кестеге сай жалғасады.

26.04.2025

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 5597
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 5743
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 20712
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 19342
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 22808