Таразда Жаңа жыл мерекесіне екі шырша орнатылады

Таразда Жаңа жыл мерекесіне екі шырша орнатылады
 

Биыл Жаңа жыл мерекесіне орай Тараз қаласында екі шырша қойылады. Бірі ҚР Тұңғыш  Президенті саябағына орнатылса, екіншісі «Көне Тараз» этно-мәдени кешінінде шамдары жарқырайды. Осы аумақтарда жаңажылдық безендіру жұмыстары жүреді. Бұл мақсатқа 19 миллион 150 мың теңге көлемінде қаржы қаралып отыр.

Естеріңізге сала кетейік, 2021 жылдың Жаңа жыл мерекесінде қаламыздағы Бас шырша өртенген болатын. Сондықтан  аталған қаржыға негізгі керекті безендіру жабдықтары алынды. Сондай-ақ, өткен жылдан қалған безендіру заттары, арнайы шамдар және  жиналмалы шырша құрылымы (постамент) биыл да қолданылады. Бұл өте тиімді шешім.

Ал демеушілердің есебінен жиылған қаржыға қаламыздағы 2 225 мүмкіндігі шектеулі  балаға арнайы мерекелік сыйлықтар үлестіріледі. Қаржы көлемі шамамен 5 миллион теңге.

Тараз қаласының әкімдігі
19.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 13843
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 13797
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 28922
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 27587
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 31099