Таразда жүз күнде не атқарылды?

Таразда жүз күнде не атқарылды?
 
Тараз қаласының әкімі Б.Орынбеков өз қызметіне кіріскен соң қаланың зиялы қауым, БАҚ, ҮЕҰ өкілдерімен және жастармен кездескен еді.
Басқосуларда сан-салаға қатысты өзекті мәселелер мен ұсыныстар айтылды. Мұнан соң шаһар басшысы алғашқы қала аралауын 15-ші мөлтек ауданнан бастады.

Қала маңында орналасқан Шөлдала, Құмшағал, Қайнар, Барысхан, Бұрыл, Шаңырақ алқаптарында болып, мөлтекаудандардағы тұрғындармен кездесті. Әр жүздесуде сан жылдан бері қордаланып келе жатқан және шұғыл шешімін табуы тиіс мәселелер көтерілді.
 

Сондықтан Бақытжан Әмірбекұлы ең алдымен тыңғылықты зерделеу жұмыстарын жүргізді.
Әрине 100 күн, яғни, 3 ай мерзім ішінде барлық мәселелерді реттеу мүмкін емес. Алайда сұрақтардың өзектілігіне қарай шұғыл шешімдер қабылданды. Сонымен 100 күнде не атқарылды?

 

 

 

 
 
 
 
 
 
 
1. Тараз қаласында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығын дамытудың 3 жылдық жоспары әзірленді;
2. Тараз қаласының Бас жоспары қайта қаралып, көлік-логистикасы мен сырт келбетін жақсарту, тұрғындарға жайлы орта қалыптастыру үшін түзетулер енгізілді;

3. «Ұлы дала» (15 ш/а) шағын ауданының егжей-тегжейлі жоспары қайта қаралып, өзгерістер енгізілді. Қайта жасалған жоспар қоғамдық талқылауға ұсынылады;
4. 15-ші мөлтекауданның коммуникациялық желілерін ауыстыру басталды. Бүгінгі таңда 109 метр желі ауыстырылды;
5. 14-ші шағын ауданның егжей-тегжейлі жоспары қайта жасалып инженерлік-коммуникациялық инфрақұрылымы (газ, электр, жылу, су, кәріз және сыртқы байланыс желілері) бойынша жұмыстар жүргізілуде. Соңғы өзгерістерге сәйкес, жүргізілген инженерлік-инфрақұрылым желілерінің қуаттылығы 2 есе өсті;
6. Жасыл қаланың сыртқы келбетін жақсарту әрі тиісті күтім жасау үшін Тараз қаласындағы саябақтарда қызмет көрсетудің ережесі бекітілді;
7. Қоғамдық көліктердің жұмыс уақыты 21.00, 24.00-ге дейін ұзартылды;
8. Қосымша жаңа 30 автобус алынды (шекарада тұр);
9. Шөлдала, Казарма, Химик алқаптарындағы жарықтың тариф құны төмендетілді, абоненттеу жұмыстары басталды;
10. №61 мектеп айналасында қауіпсіздік шаралары қамтамасыз етілді: тротуар салынды, жарық жүргізіліп, аялдама орнатылды.
11. Шөлдала алқабында канал үстіне көпір орнатылды;
12. Тектұрмас тұрғын алқабына 10 маршрут іске қосылды;
13. Құмшағал, Қызыл-Абад, Көлтоған алқаптарына 54А бағыты жүре бастады.
14. 130 шақырым қараусыз қалған су құбырлары балансқа алынды;
15. Алқаптарда 9 рет тұрғындармен кездесті;
16. 9 округте халық алдындағы есеп беру кездесулері өтті;
17. 14 жеке қабылдау өткізіп, 157 азаматты сұрақтарымен қабылдады.
P.S.
Алдағы күндері БАҚ өкілдерімен кездесу өткізіліп, 2023-2025 жылдар аралығындағы қаланың 3 жылдық даму жоспары таныстырылатын болады.
Тараз қаласының әкімдігі
14.12.2022

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 260
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 394
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 390
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 620
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 563

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9265
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8661
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11888
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9661
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10870