Елбасының Жолдауымен қабылданған «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы қазіргі Қазақстанның әлемдік өркендеуіне өзіндік үлесін қосып келеді десе де болады. Яғни 2003 жылы сәуірде Қазақстан халқына Жолдауында арнайы «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасын жүзеге асыруды тапсырған еді. Бағдарламада тарихи-мәдени мұрамен хабардар етіп, тек тарихты ғана емес, сонымен қатар болашақта болатын жағдайды баяндайды. Сондай-ақ әлемге ұлттық рухани ескерткіштер байлығын таныстырады.
Мәдени, экономикалық және әлеуметтік капитал, жалпы адамзаттық мәдениеттің құрылымдық бөлігі, этнос, қоғам, адам парасатының дамуы мен құрылуының бастауы, тарихи естеліктердің маңызды қоймасын жасау және қорғау бағдарламасы – «Мәдени мұра» мемлекеттік бағдарламасы болып табылады. Ежелгі тарихтың негіздерін бүгінгі күнмен қосатын жолды құрап, уақыттың үзіліссіз байланысын көрсететін қазіргі дау-дамайдағы адамзатқа қажетті көп қырлы қоғамның тарихи тәжірибесін зерттейді.
Бағдарламаны қабылдаған соң, 2004 жылы 51 тарихи және мәдени ескерткіштің реставрациялық жұмыстары аяқталды. 39 қалашық пен қорғандарға археологиялық зерттеулер жүргізіле бастады. 218 нысанды қамтитын Қазақстанның тарихи-мәдени және тарихи ескерткіштерінің мемлекеттік тізімі дайындалды. Ұлттық мәдениет үшін аса маңызды 30 сәулеттік және археологиялық қосымша ғылыми зерттеулер жүргізіле бастады. Ұлттық мәдени мұраны толық зерттеу жүйесінің құрылуы бағдарламаны құруда аса маңызды болмақ.
Тәуелсіздік алғаннан кейін елімізде толық гуманитарлық білім беру қорын құру мақсатында мемлекеттік тілде алғашқы қадамдар жасалды. Қытай, Түркия, Моңғолия, Ресей және Өзбекстан, Армения, Құрама Штаттар және Батыс Еуропа елдеріне ғылыми зерттеу экспедициялары ұйымдастырылды. Олардың қорытындысы бойынша ғылыми топтарда бұдан бұрын белгілі Қазақстанның сәулеті, этнографиясы, тарихы бойынша шамамен бес мың жазба және баспалар алынды. 350-ден астам кітап, олардың ішінде этнография, археология, тарих бойынша сериялар, жаңа энциклопедиялық сөздіктер шығарылды. Сондай-ақ мәдениет, әдебиет, философия, тарих, этнография және тіл білімі т. б. бойынша академиялық институттар құрылылды. Міне, осыдан-ақ бағдарламаның жоспарларының ақырындап орындалып жатқанын көреміз. Ұлттық кітапхана – елдің жоғары оқу орындарының бірі. «Мәдени мұра» бағдарламасын мемлекеттің мәдениетіне қолдау көрсететін стратегиялық ұлттық жоба деп танимыз.
Ұлттық бірегейлігін сақтаған, тарихи-мәдени мұраларын ұлықтаған елдің болашағы зор болмақ. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев та Атырауда өткен Ұлттық құрылтайда осы мәселелерге айрықша назар аударған еді. Қазақстан ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар комитетіне мүше болып сайланған болатын. Президент еліміздегі қайталанбас табиғи және тарихи ескерткіштерді кеңінен насихаттап, құрметтеуге шақырды. Әсіресе ол жерасты мешіттерін және тылсым табиғатымен шетелдіктердің ерекше қызығушылығын туғызған Үстірт қорығын ЮНЕСКО-ның Дүниежүзілік мұралар тізбесіне енгізу туралы тапсырма берген еді.
Сонымен қатар жиында Мемлекет басшысы Ешкіөлмес жотасындағы, Арпаөзен, Құлжабасы, Сауысқандық сайларындағы дала өркениетінің сан мың жылдық шежіресі саналатын таңбалы тастарды (петроглифтерді) қорғауға алу үшін ірі жұмыстар жүргізілуі жайлы да айтып өтті. Тарихи-мәдени мұрамызды сақтау үшін археологиялық қызметті жүйелеу жөнінде тапсырма берді. Бүгінде бұл бағытта ауқымды жұмыстар қолға алынуда. Мемлекет басшысы мәдени-тарихи орындар мен ескерткіштердің хал-жағдайы мен оларды жаңғырту турасында айтып өтті. Қазақстан аумағындағы мәдени маңызы бар тарихи орындар, ескерткіштер тізімі жаңартылып, қосымша зерттеулер жүргізу арқылы жаңа тарихи, мәдени орындар қосылуы тиіс. Қазақстандағы тарихи жерлер мен ескерткіштерді күтіп ұстау, күзету, жөндеуден өткізу, инфрақұрылым мәселесін шешу сықылды мәдени туризмнің күрделі мәселелері де Жолдауда көрініс табуда.
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ