Тарихты зерттеген археолог

Тарихты зерттеген археолог

Тарихшы Айсұлу Асқарқызы 1998 жылдан бастап республикада жүргізілген көптеген қазба жұмыстарға белсене қатысып, тарихи қалалардың орнын анықтауда өзіндік қолтаңбасын қалдырған бірден-бір маман. Ол Батыс Қазақстан облысындағы Жайық, Қырық оба ескерткіштерінде, Түркістан облысындағы Жуантөбе, Қараспан, Түркістан, Сидақ, Шойтөбе, Күлтөбе, Сауран қалашықтарында және Бөріжар, Талтақай, Күйік Мардан қорымдарында жүргізілген қазба жұмыстардың мүшесі, 2004-2014 жылдары Оңтүстік Қазақстан археология экспедициясындағы Бөріжар отрядының жетекші қызметтерін атқарған. 

Бүгінгі біздің кейіпкеріміз жайында ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі Архив, құжаттама және кітап ісі комитетінің баспасөз хатшысы Мадина САБЫР былай деп жазады: Бұған дейін де көптеген археологиялық табыстарға қол жеткізген Айсұлу Асқарқызының қазба жұмыстарына қатысты 30-дан астам ғылыми мақаласы жарияланған. 2005 жылы оның «Оңтүстік Қазақстанның ерте ортағасырдағы зираттық ескерткіштері» атты монографиясы жарық көрді. Сонымен қатар, Айсұлу Асқарқызы «Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Созақ ауданында орналасқан Таңбалы тас шатқалындағы кешенді археологиялық жұмыстарды жүргізу» атты тақырыптағы жобаның авторы.

2015 жылдан бүгінгі күнге дейін Түркістан облысының Күлтөбе, Сауран, Шойтөбе қалашықтарының археологиялық зерттеу жұмыстарына қатысуда. Биыл Тақия қақпасы жанындағы Керуен сарайдың орнын анықтап, тарихи тың деректердің бетін ашты.

Міне, Айсұлу Асқарқызы секілді өз мамандығына адал, руханиятқа сіңірген еңбегі мол жерлестеріміздің, қандастарымыздың арқасында тарихымыз түгелденіп, тың ақпараттарға қаныға түсетініміз анық. Түркістан – тасын түртсең тарих болып сөйлейтін өңір. Сол себепті бұл өңірде археологтарды әлі қаншама жұмыс күтіп тұр. 

 

 

 

Д.ТОЙЛЫБАЙҚЫЗЫ
15.08.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540