Тарихымызды жүйелеудегі зор мүмкіндік

Тарихымызды   жүйелеудегі   зор мүмкіндік

2019 жылғы 20 желтоқсанда Үкіметтің қаулысымен Ұлттық архив қорын отандық және шетелдік архивтерде, музейлерде, кітапханаларда және ғылыми орталықтарда сақталатын Қазақстан тарихы бойынша құжаттармен толықтыруға және ғылыми айналымға енгізуге бағытталған «Архив – 2025» жобасын іске асыру жөніндегі 2020-2025 жылдарға арналған кешенді іс-шаралар жоспары қабылданды.

«Архив – 2025» жобасы – біздің тарихымызды жүйелеу және өз бетінше зерделеу мүмкіндігі. Президент ұсынған »Архив – 2025» жобасы дүниежүзі қазақтарының тарихына қатысты барлық деректерді жинауға мүмкіндік береді. Бірегей жобаның жүзеге асырылуына атсалысып, еліміздің ашылмаған тарихын зерттеп, ұрпаққа шынайы тарихты дәріптеу. Өзіміздің тарихи санамызды қайта жаңғыртып ежелгі тарихымыз, ежелгі дүние тарихы, орта ғасырлар тарихы, жаңа тарих туралы құпияға толы мәліметтерді жаңартып жинасақ қана өз тарихымызды толық жүйелей аламыз. Мақсаты: жасырын келген тарихи деректерді қалпына келтіру мақсатында отандық және шетел архивтерінде іргелі зерттеулер жүргізу.

Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Архив істері және құжаттаманы басқару комитеті Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің қызметкерлері 2022 ж. мамыр айында «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында Қазақстан тарихы құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша Польша Республикасының бірнеше мемлекеттік архивтерінде алғашқы жұмыстарын бастады. Экспедиция Польша мемлекеттік архивінің бас дирекциясының өкілдері Крохмаль А. және Килишек К-мен кездесу өткізіп, архивтердегі жұмыс істеу тәртібімен танысып, зерттеу жұмыстарын жүргізді.                                                                             

Түркия Республикасының архивтерінде Қазақстан делегациясының құрамында Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А.Жұматаева болды.

Б.А.Жұматаева XV-XIX ғасырдың ортасы аралығындағы Стамбулдың ескі бөлігінің орталығындағы Осман сұлтандарының негізгі резиденциясы аумағында орналасқан Топкапы сарайының музейіне барып, музей директоры И.Қосаманмен кездесті.

Қазақстан Республикасы Орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Б.А. Жұматаева Түркия Республикасы Президенті жанындағы Мемлекеттік архив басқармасының директоры, профессор, доктор Угур Уналмен кездесті. Кездесу барысында ол түрік әріптесін Қазақстан делегациясының Түркия Республикасына келуінің негізгі мақсаты туралы хабардар етті, сондай-ақ ҚР ОМҒТҚА қызметінің негізгі бағыттары мен жетістіктері туралы айтты. Бұған дейін Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың Түркияға мемлекеттік сапары аясында ҚР Мәдениет және спорт министрі Д.Абаев ҚР Мәдениет және спорт министрлігі мен Түркия Республикасы Президентінің жанындағы Мемлекеттік архив басқармасы арасындағы ынтымақтастық туралы келісімге қол қойған болатын. Б.А.Жұматаева мен түрік тарихшысы, профессор А. Қараның кездесуі өтті.

Сондай-ақ, ОМҒТҚА архивистерінің экспедициясы Татарстан Республикасы Қазан қаласының мемлекеттік архивінің директоры Мусина Гульнара Рашитовнамен кездесу өткізіп, кезекті жұмыстарын атқарды.

«Архив – 2025» кешенді бағдарламасын іске асыру шеңберінде Санкт-Петербург қаласының орталық мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивінің директоры Недбай Фаина Валерьевнамен кездесіп, Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша өз жұмыстарын жүргізді.

ОМҒТҚА архивистерінің тағы бір тобы Беларусь Республикасында Қазақстан тарихы туралы құжаттар мен материалдардың көшірмелерін шетелдік архивтерден анықтау және сатып алу жұмыстары бойынша Беларусь мемлекеттік ғылыми-техникалық құжаттама архивіне барып, оның директоры А.М. Запартыкомен, Мәскеу қаласы Ресей Федерациясының мемлекеттік архивінің директоры Л.А.Роговамен және Самара қаласындағы Ресей мемлекеттік архивтерінің басшыларымен кездесу өткізіп, архив жұмыстарымен танысып, тәжірибе алмасты.

ОМҒТҚА қызметкерлерінің тағы бір тобы «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын іске асыру мақсатында Қазақстан тарихына тиесілі құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша Әзербайжан Республикасына барды. Архив қызметкерлері мен Әзербайжан Республикасының Ұлттық архив басқармасының басшысы Әскер Әділ оғлымен кездесу өткізілді, кездесу нәтижелерінде Әзербайжан мемлекетінің архивтері: «Мемлекеттік ғылым және техника архиві», «Мемлекеттік кино және сурет архиві», «Мемлекеттік әдебиет және өнер архиві», «Мемлекеттік дыбыс жазбалар архиві», «Әзербайжан мемлекеттік тарихи архиві» Мемлекеттік архивтерінің жұмысымен танысып, құжаттарды анықтау жұмысын жалғастырды. ОМҒТҚА архивистер тобы директор Б.А.Жұматаеваның басшылығымен «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында Әзербайжан Республикасының архивтерінде Қазақстан тарихы бойынша құжаттар мен материалдардың көшірмелерін анықтау және сатып алу бойынша жұмысын жүргізді.

Архив басшысы Қазақстан Республикасының Әзербайжан Республикасындағы Елшісі Сержан Оралбайұлы Әбдікәрімовпен кездесті. Әңгімелесу барысында Қазақстан Республикасының Ұлттық архив қорын мемлекетіміздің тарихын құжаттармен толықтыру бойынша өткізіліп жатқан акцияның қажеттілігі мен маңыздылығы туралы мазмұнды әңгіме болды. Елшілік қызметкерлері архившілерге құжаттарды іздеуде тәжірибелік көмек көрсетті және осы миссияның табысты болуы үшін қолдан келгеннің бәрін жасады. Біздің әзербайжандық әріптестеріміз де қазақстандықтарға осындай қолдау көрсетті.

Кешенді жоспарды іске асыру жұмысына байланысты ОМҒТҚА директоры Б. Жұматаева шетелдік архивтер мен кітапханалардағы құжаттарды анықтауға және сатып алуға архив қызметкерлерінің барлығын дерлік кезекпен іссапарға жіберіп, архивистер арасында өзара іс-тәжірибе алмасуларына үлкен мүмкіндік жасап отыр.

Қазақстандық тарихшылар мен архивистер «Архив – 2025» кешенді бағдарламасын жүзеге асыру аясында шетел архивтеріндегі Қазақстан тарихына қатысты құжаттар мен материалдарды анықтау және олардың көшірмелерін алу жұмыстарын жүргізу жалғасуда.

 

Лаура АНУАРХАНҚЫЗЫ, ОМҒТҚА РММ Ақпарат және құжаттарды пайдалану Бөлімінің жоғары білікті архивист маманы
16.09.2022

Ұқсас жаңалықтар

САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 24
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 18
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 34
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 12
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 52
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 154
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 157
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 341
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 334
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 958

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9034
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8430
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11658
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9413
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10639