Тәртіпке бағыну — басты міндет

Тәртіпке бағыну — басты міндет

18 сәуір күні Орал қалалық сотында ашық сот отырысы өтіп, пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтың ісі қаралды. 

Сот отырысына Орал қалалық пробация қызметінің  қызметкерлері, есептегi сотталғандар, сонымен қатар БАҚ өкілдері қатысты. 

Сот талқылауы барысында жауапқа тартылған 1988 жылы туған А. есiмдi азаматқа қатысты бас бостандығын шектеу түріндегі жаза мерзімінің өтелмеген бөлігін бас бостандығынан айыру түріндегі жазамен ауыстыру туралы ұсыныс қаралды. Пробация қызметінің есебінде тұрған азамат бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу кезінде бірқатар бұзушылықтарға жол берген. Нәтижесінде Орал қалалық сотының қаулысымен өтелмеген жазасы бас бостандығынан айыру жазасына ауыстырылды. Әзірге қаулы заңды күшіне енген жоқ. — «Тәртіпке бағынған құл болмайды» деп бас қолбасшы Бауыржан Момышұлы атамыз айткандай, есептегi азаматтарды заңды сактауғa және тәртіп бұзбауға шақырамыз, —  деді БҚО қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің пробация қызметіне басшылық ету бөлімінің инспекторы, әділет аға лейтенанты Серік Джумагазиев.

Жалпы жыл басынан бері Батыс Қазақстан облысы бойынша пробация қызметінің есебінде тұрған 33 сотталғанға катысты осындай жазалар тағайындалған. Яғни, бас бостандығын шектеу жазасын өтеу барысында заң бұзушылықтарға жол берген жағдайда жазаның өтелмеген бөлiгi  сот қаулысымен бас бостандығынан айыру жазаcына ауыстырылған.

Ләззат ҚАЖЫМОВА БҚО Орал қаласы
19.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 40
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
Жарқын болашаққа бес қадам
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ - 23.11.2024 33
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 41
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 49
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 41
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 111
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 116
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 308
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 302
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 924

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8997
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8392
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11617
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9375
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10601