Тасаттық берілді

Тасаттық берілді

Қызылорда облысының Шиелі ауданына қарасты Тартоғай ауылында 3000-нан аса халық тұрады. Ауыл адамдары негізінен мал  шаруашылығымен айналысады. Бұл жерде ірі қаракөл қой совхозы болған. Жекешелендіру кезінде азайған мал басы енді біртіндеп көбейе бастады. Өткен жылғы қуаңшылық шаруа адамына ауыр тиген еді, оның үстіне жем-шөптің бағасы да қымбат.

Жылда көктемде ауылдық ардагерлер кеңесінің төрағасы Басаман Пірімбетов ақсақалдың бастауымен тасаттық берілу дәстүрге айналған. Түбін қазбаласақ, тасаттық – көпшілік жиналып атқаратын діни рәсім, онда құрбандық шалып, жаңбыр жаууын тілейді. Тасаттықта түркі халықтарының шамандық мифологиясы да бар. Кеңес кезеңінде бұл салтымызға еніп кетті, кейін оның арты ойын-сауыққа айналады.

Биыл Ғани Ақтаевтың жетекшілігімен ауыл жастары ұйымдасып, тасаттық берді. елді жайлаған індеттің тоқтауын, жаңбыр жаууын тілеген осы шарада Шиелі аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Өркен Смайлов ізгі тілегін айтып, батасын берді. «Тартоғай» ауылында тұратын 465 отбасы қаржы жинап, осы шараны өткізді», – дейді ауыл әкімі Сүйіндік   Досмат, – бұл тек тілек бағыштау емес, елді ынтымаққа, еңбекке ұйыстыру».

Шынында да бұл күні көпшілік арасында ауылдағы іргелі мәселелер талқыланып, көктем, жаз айларында атқарылар жұмыстар бағдарланды.

 

 

Анархан Марданова, Қызылорда қаласы
17.03.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 175
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 188
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 457
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 446

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18363
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18226
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33412
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31964
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35728