Татулық пен тыныштықтың тірегі

Татулық пен тыныштықтың  тірегі

Ассамблеяның басты ұраны – Ел бірлігі! Ал бірлік болмаған жерде береке де болмайтыны барлығымызға белгілі. «Бақ, қайда барасың? Бірлігі жарасқан елге барамын!» демеп пе еді? Қазақстан халқы ассамблеясы өзінің құрылған кезінен бастап орасан біріктірушілік және зияткерлік әлеует жинақтап, ұзақ даму жолынан өтті. Еліміздегі 100-ден аса этностың басын біріктіретін бірегей құрылым тұрақтылықты сақтап, республиканың ілгерілей дамуы үшін маңызды рөл атқарды. 

Ассамблеяның мақсаты – Қазақстан халқының азаматтық және рухани-мәдениетін, патриоттық рух пен бәсекеге қабілетті ұлтты қалыптастыру. Ассамблея этномәдени бірлестіктердің күш біріктіруін, этномәдени орталықтардың, Қазақстан халқының ұлттық мәдениеттері, тілдері мен дәстүрлерінің өркендеуін, сақталуын және дамуын қамтамасыз етеді. Бүгінде Ассамблея этносаралық келісімді, қоғамдағы толеранттылықты және халық бірлігін одан әрі нығайту үшін қолайлы жағдай жасауға септігін тигізуде.

«Елбасының тапсырмасы бойынша аймақтық әкімдіктердің жанынан ақылдастық-кеңестік орган ретінде құрылған Қоғамдық келісім кеңестері Ассамблеяның Елбасы айқындап берген жалпыхалықтық институт мәртебесін айшықтай түседі. Себебі ауыл, аудандардағы әртүрлі ұйымдардың басын бір арнаға тоғыстыратын, қоғамда туындайтын негізгі сауалдардың барлығымен айналысатын – осы кеңестер. Бүгінде еліміздің барлық аймақтарында түрлі деңгейдегі 1035 қоғамдық келісім кеңесі табысты жұмыс істеуде. Ассамблеяның жанынан құрылған Отбасында толеранттық тәрбие беру жөніндегі Аналар кеңесі еліміздің ең басты құндылықтары – татулық пен тұрақтылықты ұрпақ жадына сіңірудің тиімді тетігі ретінде өз жұмысын бастады», – дейді Премьер-министрдің орынбасары Ералы Тоғжан.

Ассамблея қолдауымен әлемнің 47 мемлекетіне таралатын «Достық-Дружба» журналы, 4 телеарнада тұрақты түрде шығатын 5 телебағдарлама мен 8 радио бағдарлама, 9 республикалық басылымдағы 22 тұрақты айдар, Қазақстандағы түрлі этностардың тілінде жарық көретін 37 мерзімді баспасөз бар. Бұдан бөлек, Ассамблея қызметін халыққа таратуға 100-ден астам республикалық басылым мен электронды ақпарат құралы қызмет көрсетуде.

Еліміздің экс-президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы Ассамблеясын құру идеясын алғаш рет 1992 жылы Тәуелсіздіктің бірінші жылдығына арналған форумында айтты. 1995 жылғы 1 наурызда оның мәртебесін Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы консультативті-кеңесші орган деп бекіткен Қазақстан Республикасы Президентінің Қазақстан халқы Ассамблеясын құру туралы Жарлығы шықты. Қазіргі уақытта Ассамблея құрамында 394 мүше бар.

 

Балжан АЛЖАНОВА
07.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8814
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8213
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11440
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9195
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10424