Татулықтың дара жолы

Татулықтың дара жолы

Бүгінде Тәуелсіз еліміздегі достық пен ынтымақты, бірлік пен татулықты кеңінен насихаттап, халықтар достығын берік ұстауға, оны сақтау мақсатында жүйелі жұмыстар жүргізіп жүрген органдардың бірі – Қазақстан халқы Ассамблеясының қоғамдағы орны айрықша.

Алдымызда Отанымыздың ордалы астанасы Елорда төрінде 26-27 сәуір күндері Қазақстан халқы Ассамблеясының «Әділетті Қазақстан: бірлік, тұрақтылық, даму» атты кезекті сессиясы өткелі отыр. Бұл маңызы орасан шарада егемен елімізде соңғы екі жылда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың тікелей бастамасымен жүргізіліп отырған стратегиялық реформалардың барысы мен Ассамблея атқарған игілікті істермен қатар, жаңа міндеттер айқындалады. Өйткені, ел бірлігі қашанда татулықпен сабақтас. Қол жеткен жетістіктер достық пен өзара келісімнің арқасы екені ақиқат. Сондықтан да елімізде жүріп жатқан ашықтық саясаты мен әділ қоғам орнату бағытын іске асыруға үлес қосу әрбір қазақстандықтың, оның ішінде Ассамблея мүшелерінің де парызы.

Қазақ халқында «Береке қайда болса, ынтымақ сонда» деген жүрек сарайын ашар дана сөз бар. Ал, ата-бабадан қалған аталы аманат та біреу, ол әрқашан берекелі татулық пен іргелі ынтымаққа, бейбіт заман мен тыныш өмірге ұмтылу. Біздің тәуелсіз тарихымыздың және орныққан ұлттық идеологиямыз бен мемлекеттік саясатымыздың жарқын күндері, жаңа беттері соның айқын айғағы. Ұлы Ясауи данышпан сонау көне заманында «Бақыттың кілті достықта, достықтың кілті халықта» деп, ұрпағына ұлы достықтың мәртебесін көтеріп, осындай ұлағатты өсиет қалдырған екен. Осы бір қасиетті де қастерлі сөз бүгінде де өз мәні мен мәртебесін жоғалтқан жоқ деп есептеймін. Өйткені, бірлік пен татулық, ынтымақ пен өзара келісім жаңа Қазақстанның да берік қамалы болары сөзсіз. Осы жылдары үздіксіз ілгері басқан мемлекетіміздің өндірісі өркендеп, экономикасы қарыштап дамыды, көпұлтты халқының әл-ауқаты артты.

Елімізде өзара ынтымақ пен берекелі бірліктің ақ туы желбіреді. Қазақстан әлем көз тіккен – тыныштық пен тұрақтылық қанат жайған жерұйық мекенге айналды. Осылайша, түрі басқа болса да тілегі бір, тілі басқа болса да жүрегі бір көпұлтты халқымыз бейбіт өмірдің сара жолына бет бұрды.

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі таңда ұстанып отырған салиқалы саясаты да осы үрдістердің жарасымды жалғасы екені уақыт шындығы. Ол Қазақстан халқы Ассамблеясының елдегі саяси реформаларды жүзеге асырудағы рөлін күшейту қажет екендігіне үнемі баса назар аударып келеді.

Сондықтан да Әділетті Қазақстанды құрудың жарқын жолындағы еліміздің болашақ тағдыры алдында көпұлтты Қазақстан халқына аса жауапты міндеттер жүктеліп отыр. Әрине, осындай парасаты биік, жауапкершілігі зор парызды абыроймен орындау баршамыздың ортақ міндетіміз.

Қазіргі таңда қасиетті Әулиеата өңірінде «бір үйдің баласындай, бір қолдың саласындай» болған 80-нен астам этнос өкілдері тұрады. Өзара сенім мен қоғамдық келісімді мұрат еткен көпұлтты облыс тұрғындары қашанда егемен еліміз бен өлкелі өңіріміздің экономикасының қарқынды дамуы мен ішкі саяси тұрақтылықты қалыптастыруға аса зор үлес қосып отыр. Ал, жас Қазақ елі бүгінде осы достықтың кілтімен әрбір жүрекке шуақ шашқан киелі елге айналды.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың былтырғы 1 қыркүйектегі Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Бәріміз бірлігімізді бекемдей білсек, ешқашан әділдіктен аттамасақ, берекелі ел боламыз!» деген табанды ойы қазіргі әлемді алаңдатып отырған геосаяси жағдайдың өте күрделі кезеңінде көпұлтты қазақстандықтар үшін аса маңызды ұстаным деп есептеймін. Өйткені, осы тұста өткен жолдардағы қиындықтарды жеңе білген берекелі ынтымақты сақтай және қорғай білу үшін барша отандастарымызға мықты ауызбіршілік ауадай қажет.

Мен біздің айнымас жолымыздың жасампаз бағытының осылай боларына кәміл сенемін. Сондықтан да татулық пен бірліктің отын жаққан Қазақстан халқы Ассамблеясы өкілдерінің белсенді позициясы мемлекеттік саясатпен үнемі үндес болары сөзсіз. Сонымен қатар, қанатының астына жүздеген этнос өкілдерін жинаған Ассамблея ұлан-байтақ еліміздегі тұтастық пен тұрақтылықтың да құтты шаңырағы.

Біз әрқашан ел ертеңі – жастарды елімізді мекендейтін ұлттар мен ұлыстардың тағдырына айрықша құрметпен қарауға тәрбиелеуді басты назарда ұстауымыз керек деп ойлаймын. Өйткені, тәуелсіз Қазақстанның даму жолы өркениетке бастау болып отырған жасампаздық пен прогресс жолы. Ал, жасампаздық дегеніміз, береке мен бірліктің шуақты сәулесінен тарайтын ұлы күш!

Дүбірі жер жаратын төрткүл дүниеде «Қазақстан – достық пен татулықтың шынайы мекені» деген ұлағатты ұғым салтанат құрған. Өйткені, сыншыл келетін сырт көз елімізде барлық этнос өкілдерінің терезесі тең, мүддесі бір, мақсаты ортақ, оларға өз ана тілдерінің қолданыс аясын сақтауға және оны өскелең ұрпақтары арасында кеңінен насихаттауға, өнері мен мәдениетін дамытуға, спортпен шұғылдануына, барлық салада еркін еңбек етулеріне, қалаған кәсібін ашуға, саясатпен айналысуына барлық жағдайдың жасалғандығын көріп отыр. Әрине, бұл мемлекеттік органдардың қолдауы арқасында бірлесе атқарған Ассамблеяның мақтан тұтатын іргелі ісінің жарқын көрінісі.

Ал, қасиетін халқы таныған, киесін көпұлтты жұрты мойындаған Әулиеата жері қашанда татулық пен бірліктің, өзара келісімнің рухани ордасы болған жер. Мұнда бүгінде татулығы жарасқан көптеген этнос өкілдері өңірдің қарқынды дамуы жолында аянбай еңбек етуде.

Жамбыл облысы әкімдігі, оның салалық басқармалары және облыстық ҚХА Кеңесі мен «Қоғамдық келісім» мемлекеттік мекемесі әрқашан облыстық, Тараз қалалық және аудандық этномәдени бірлестіктер ұйымдастырған шаралардың бел ортасында болып, тиісті көмектерін аяған емес. Біз бұдан кешенді мемлекеттік қамқорлықты айқын сезінеміз.

Сондай-ақ, облыстық ассамблея жанында Ақсақалдар мен Аналар кеңестері, Жастар қанаттары тұрақты жұмыс істеп келеді. Ең бастысы, этно бірлестіктер мүшелерінің, оның ішінде жастарымыздың мемлекеттік тілді білуге және оны үйренуге деген құлшынысы мен ынтасы жыл санап артып келеді. Менің ойымша, әрбір қазақстандық азаматтың мемлекеттік тілді білуі, өзі тұрып жатқан елге және тіл иесі ұлтқа деген құрметімен ерекшеленуі аса қажет. Солай боларына сенемін!

Барша жамбылдық жерлестерім мен этномәдени бірлестіктер өкілдерін ортақ Отанымыздың келешегі үшін аянбай еңбек етуге шақырамын. Өйткені, көпэтносты Қазақстан халқының таңдауы бейбітшілік пен бірлік! Бұл мақсатқа татулығы жарасқан көпұлтты халқымыздың орасан зор рухани және адамгершілік әлеуетін шоғырландыра отырып жетеріміз сөзсіз.

Қазіргі таңдағы Қазақстан халқы Ассамблеясы жүргізіп келе жатқан татулық пен бірліктің, келісім мен достықтың дара жолы қасиетті іс, киелі тірлік. Өйткені, оның артында егемен еліміздің келешегі, өркениетке қол созған ұрпақ болашағы тұр.

 

Гулам УМАРОВ, Қазақстан халқы Ассамблеясының мүшесі, облыстық мәслихат депутаты.
11.04.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9188
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8586
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11814
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9583
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10797