Тәуелсіздігіміздің баянды болуына үлес қосамыз!

Тәуелсіздігіміздің баянды  болуына үлес қосамыз!

Желтоқсанның алауын бірге жаққан, Желтоқсан көтерілісіне бірге қатысып, ақ қар көк мұздың үстінде тоталитарлық жүйеге қол ұстаса қарсы шыққан сол кездегі жастардан көптеген ұйымдар құрылды.

 Сондай ұйымдарға біз де қосылып, бір ұйым болып қатарын көбейтіп жатырмыз. Әрине ұйымның көп болғаны жақсы. Бұл фәниде өмір болған соң адам адамнан, қоғам қоғамнан үйренері көп және бір-біріне қарап бәсекелестікпен алға ұмтылады, өседі. Сол сияқты желтоқсандық қоғамдардың да ойы бір, мақсаты айқын, илейтіні бір терінің пұшпағы. Халықтың мұң-мұқтажын билікке жеткізу. Басқа қоғамдармен бірлесе отырып, әртүрлі шараларға бірге атсалысамыз деген ойдамыз. Алға қойып отырған мақсатымыз – «ана тілінің» мәртебесін көтеру, ұмыт болып бара жатқан халқымыздың әдет-ғұрып, салт-дәстүрін ұлықтау. Желтоқсан көтерілісіне қатысушылардың тұрмыстық, моральдық, материалдық, әлеуметтік жағдайы өте төмен. Желтоқсан көтерілісі ардагерлері ҰОС теңестірілген деп заңдастырылмай сөз жүзінде қалып тұр. Тәуелсіздік жолында күрескен   желтоқсандықтардың мұң-мұқтажына үкімет тарапынан көңіл бөлінсе дейміз.  Бабаларымыз аңсап келген Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы қарсаңында 1986 жылы Желтоқсан көтерілісіне қатысқан барлық жастарды 100 пайыз ақтап, ҰОС ардагерлеріне теңестіріп, барлық жеңілдіктерді қарастырып, жағдайын жасаса. Жоғары, орта оқу орындарында, мектептерде, балабақшаларында Желтоқсан ардагерлерін насихаттап, қазақ тілін, дінін, ұлттық салт-дәстүрлерімізді оқыту, насихаттау біздің алға қойған мақсатымыз. Сұхбаттар, кездесулер, жиындар ұйымдастыру қажет. Тұралап қалған ауылшаруашылығын көтеруге атсалысу. Тәуелсіздіктің 30 жылдығы мен Желтоқсан көтерілісінің 35 жылдығы қарсаңында қоғамдық бірлестіктің тағы бір маңызды мақсаты – қоғамдық бірлестіктермен бірлесе отырып  жоспарланған жұмыстар жүргізу, яғни қоғамға, мемлекетке, өсіп келе жатқан ұрпағымызға қазақ ұлтының құндылықтарын насихаттап, тәуелсіздік қалай келгенін, қандай орны бар екенін көрсетіп, жүйелі түрде жеткізу «Туған елге тағзым» аясында бос қалған ауыл, аудандарда жұмыс орындарының ашылуына атсалысу. Нақтырақ айтқанда, еліміздегі кәсіпкерлерді ауылдан жұмыс орындарын ашуына көмектесіп, тарту. 

Тәуелсіздік басымызға қонған бақ болса, Желтоқсан-1986 тарихымыздың алтын беттері болмақ. Алла тәуелсіздігімізді баянды қылғай! Тоқсан ауыз сөздің тобықтай түйіні, осы алға мақсат қылып қойған жұмыстардың бәрі елімізге ауадай қажет. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» демекші, бұл барлық желтоқсандық қоғамдармен бірлесіп атқарар жұмыстар. 

Қоғамдық бірлестікке, белсенді жастарды, желтоқсаншыларды және іскер азаматтарды қолдаушы ретінде шақырамыз!

Алла істерімізге оңынан сәттілігін бұйыртсын! 

 

Бахыт БАЙНИЯЗОВ, «Тәуелсіздік – 1986 – Желтоқсан» қоғамдық ұйымының төрағасы
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1608
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7643
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11522
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7686
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7842