Тәуелсіздік тағанысың, Желтоқсан!

Тәуелсіздік тағанысың,   Желтоқсан!

Не қылса да жазылмайтын жарам бұл,

Шемендейін жүректегі налам бұл.

Оттай жанған намысымның белгісі –

Омырауыңа шоқтай ыстық тағам гүл..!

Дүниені дүр сілкінткен дүмпуі

Ата-баба аңсаған ең сәулелі санам бұл.

Тас бұғауды күл-парша етіп талқандап,

Еркіндікке қарай басқан

ең алғашқы қадам бұл..!

Намыс оты жарқ-жұрқ еткен көзінде,

Қырандайын еркін қалқыр көгінде.

Бұғаулыққа, бодандыққа көнбейтін

Қаннан келген тектілік бар тегінде.

Жастар едік от жалыннан жаралған,

Кәусар бұлақ, ақ уыздан нәр алған.

Басын тігіп қарсы шыққан қоғамға,

Үкіметтің үйі Брежнев деп аталған  алаңға,

Өзі барып түспек енді Кеңес деген  аранға,

Көкейінде Ата-баба аманаты – көп арман,

Арқасында – қазақ дейтін қара орман!

Жүрегімнің қалауысың Желтоқсан,

Рухымсың алауысың Желтоқсан,

От-жастықтың қан-жанымнен құйылған,

Тәуелсіздік тағанысың Желтоқсан,

Еркіндіктің бағамысың Желтоқсан,

Жауап берер жан бар ма екен ғаламда,

Жанымдағы жарам үшін, Желтоқсан,

Желтоқсан оқиғасы деген жай бағам  үшін,

Төгілген қан, жыртылған жағам үшін,

Азаматтан айырылған азам үшін, 

Желтоқсан!

Ел еңсесін көтеріп алармысың, 

Желтоқсан!

 

Баян Бекетова, ақын, Халықаралық «Алаш» әдеби сыйлығының лауреаты, «Құрмет» орденінің иегері
23.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 1752
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 1243
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 2667
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 2247
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 3446