Не қылса да жазылмайтын жарам бұл,
Шемендейін жүректегі налам бұл.
Оттай жанған намысымның белгісі –
Омырауыңа шоқтай ыстық тағам гүл..!
Дүниені дүр сілкінткен дүмпуі
Ата-баба аңсаған ең сәулелі санам бұл.
Тас бұғауды күл-парша етіп талқандап,
Еркіндікке қарай басқан ең алғашқы
қадам бұл!..
Намыс оты жарқ-жұрқ еткен көзінде,
Қырандайын еркін қалқыр көгінде.
Бұғаулыққа, бодандыққа көнбейтін
Қаннан келген тектілік бар тегінде.
Жастар едік от жалыннан жаралған,
Кәусар бұлақ, ақ уыздан нәр алған.
Басын тігіп қарсы шыққан қоғамға,
Үкіметтің үйі Брежнев деп аталған алаңға,
Өзі барып түспек енді Кеңес деген аранға,
Көкейінде Ата-баба аманаты – көп арман,
Арқасында – қазақ дейтін қара орман!
Жүрегімнің қалауысың, Желтоқсан,
Рухымсың алауысың, Желтоқсан,
От-жастықтың қан-жанымен құйылған,
Тәуелсіздік тағанысың, Желтоқсан,
Еркіндіктің бағамысың, Желтоқсан,
Жауап берер жан бар ма екен ғаламда,
Жанымдағы жарам үшін, Желтоқсан.
Желтоқсан оқиғасы деген жәй бағам үшін,
Төгілген қан, жыртылған жағам үшін,
Азаматтан айырылған азам үшін
Желтоқсан!
Ел еңсесін көтеріп алармысың, Желтоқсан!