Тәуелсіздік тұғыры – Желтоқсан!

Тәуелсіздік тұғыры – Желтоқсан!

 Мың өліп, мың тірілген Қазақ халқының басынан небір замандар өтті ғой. Ата-бабаларымыз аттан түспей, осыншама кең-байтақ жерімізді сыртқы жаулардан қорғап, қасық қаны қалғанша күресіп, ұрпағына мұрагер қылып беріп кетті.  Қазақ даласында 400-ден астам халық көтерілістері болса, соның ең соңғысы 1986 жылдың 17-18 күндері болған.              Қазақ жастарының Кеңес Одағының тоталитарлық жүйесіне  қарсы  ұлт-азаттық  Желтоқсан көтерілісі еді. Екі күнге созылған қанды қырғында қаншама жастарымыз қыршын кетті. Қаншама  жігіттер, қыздар абақтының азабын, зардабын әлі күнге дейін тартып жатыр. Қолға түсіп ұсталмағандардың өздері, қазіргі уақытта сол кезде алған ауыр соққыдан денсаулықтары кеміп, жарымжан, ауру-сырқау болып, өмірден ерте озып жатыр. Аллаға шүкір! Тарих таразысы бәрібір ақиқат пен шындықты өз орнына қойып келеді.

Дегенменде  Желтоқсан көтерілісінің бар құпиясы толық ашылып, өз деңгейіне  жете қойған жоқ. Оның басты себебі сол 1986 жылғы  желтоқсанда жазалаушылар жағында қызмет етіп, қуғын-сүргінге салып, жастарды қаралауға қатысқандар, жоғары биліктерде әлі де отыр. Олар үшін шындық ашылмағаны дұрыс өйткені қазіргі уақытқа дейін олар содан қорқып, бүркемелеп, жасырып, бүгіп келеді. Желтоқсан көтерілісін насихаттап, ұлттық рухты көтеріп,ұрпақты тәрбиелеуге,үлгі тұтуға кері кетіп,тартыншақтаулары да солардың бір бармақты ішіне бүгуінен деп санаймын. Ал бұл нағыз барып тұрған азғындық. Бүкіл қазақ ұлтының тұтастай дерлік болашағына балта шабумен бірдей қылмыс. Атам қазақтың «Іштен шапқан жау жаман» дегені, міне осындай опасыз сатқындарға айтылған.

Қысқасы  осы күнгі билікте отырған шалқып, тасып, астамсып,  көздерін шел басып жүрген мырзасымақтар біле білсеңдер! «Бүгінге дейін бөркімізді аспанға атып, мәз болып жүргеніміз, осы күнгі әлі дұрыс еленбей жүрген  желтоқсандық баhадүр батыр ұл-қыздарының ар-намысының арқасында келген  ұлы Тәуелсіздігіміз ! 

Сондықтан да бұдан былай барлық желтоқсандық қандыкөйлек қандас бауырлар, барлығымыз бірігіп, бір жұдырықтай болып, мызғымас бір атауы бар ұйым болатына күн жетті.  Айтар мәселелер мен шешетін дауларды бірігіп шешу ғана қалды!  

 

«Тәуелсіздік – 1986 – Желтоқсан» қоғамдық бірлестігі
28.10.2021

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1606
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7641
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11520
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7683
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7840