Тәуелсіздіктен кейінгі тұтас 30 жыл - кинода

Тәуелсіздіктен кейінгі тұтас 30 жыл - кинода

Маңғыстау ауданы әкімдігінің тапсырысымен Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай “Тел өскендер” атты кино түсіріліп жатыр. Бұл туралы Маңғыстау ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі мәлім етті.

Кино желісі Тәуелсіздік алған алғашқы жылдардағы ауыл өмірінен басталып, ХХІ ғасырдың игілігі жеткен ауыл көрінісіне жалғасады. Кино Жыңғылды, Шетпе ауылы мен Отпан тауда түсірілді.  Қысқа метражды көркем фильмде бір отбасының өмірі суреттеледі. 

- Тоқсаныншы жылдары күл шығарып, от жағып, көрші үйден сүт сұраған жанұяның тұрмыс салтының жақсарғанын көрсету арқылы Тәуелсіздік жылдары аудан экономикасының дамуы сатысы көз алдыңызға келеді. Тәуелсіздікпен тел өскен Айдар мен Аяжанның бала махаббаты шынайы махаббатқа ұласып,  отау құрады. Оқу бітірген екі жастың ауылға келіп еңбек етуі-жастарды ауылға қызмет етуге шақырады -, деді киноның продюссері Лаура Тындырғанова.  

Идея авторы Лаура Тындырғанованың айтуынша ең алдымен Тәуелсіздіктің отыз жылдығына орай шынайы дүние шығару мақсаты болған. Ойлана келе, кино түсіру идеясын құп көріп, түсірілім жұмыстарына кіріскен. 

- Бұл кинода 1990 жылдан 2000 жылдарға дейінгі қиын-қыстау кезең мен 2000 жылдан кейін жылымықтан жайбарақат кезге көшкен халық тұрмысы суреттеледі. Кинодағы ең әсер ететін тұс- ауылдарға газбен бірге ұялы байланыстың келгеніне балаша қуанған сәттер. Жастардың кітаптарды қолдан-қолға өткізіп оқуы, нарықтан бейхабар ауыл халқының ет пен сүтін көршілермен тегін бөлісуі сияқты риясыз көңілді көреміз.  Жалпы киноны көріп отырғанда отыз жылдағы ауыл өмірі көз алдымыздан өткендей болады деп ойлаймын. Қолдағы бар мүмкіндікке қарай қимылдадық. Бағасын көрермен бере жатар -, дейді Лаура Тындырғанова.                                                     

Аудан әкімдігінің, аудандық ішкі саясат бөлімінің тапсырысы аясында іске асқан жобаға Алматы қаласынан мамандар тартылған. Киноның режисері Рахман Кенжебаев. Рөлдерді Н.Жантөрин атындағы драма театрдың әртістері сомдайды. Айта кетейік, "Тел өскендер" киносы Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай желтоқсан айында көрерменге жол тартады. 

23.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 44
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 61
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 194
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 56
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 190
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 157
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 303
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 302
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 521
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 474

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9178
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8576
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11805
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9574
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10784