Таяу Шығыстағы соғыс шиеленісіп барады

Таяу Шығыстағы соғыс шиеленісіп барады

Әлемдік БАҚ-тар Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату туралы жазып жатыр. Алайда бір-біріне жол бергісі келмейтін тараптардың ымыраға келетін ниеті байқалмай отыр. 22 наурыз күні Ливанның «Әл-Ахрам» телеарнасына сұхбат берген ирандық шенеунік соғысты тоқтату үшін Иран тарапының алты түрлі шарт әзірлеп отырғандығын атап өтті. Иран БАҚ-тарының хабарлауынша, аты-жөні аталмаған шенеунік Таяу Шығыстағы кейбір делдалдардың Иранға атысты тоқтатуды ұсынғанын, бірақ Иран алты шарттың орындалуын талап еткенін айтқан.

Бұл алты шарт мыналар: 1. Соғыстың қайталанбауына кепілдік беру; 2. Таяу Шығыстағы АҚШ әскери базаларын жабу; 3. Агрессордан Иранға өтемақы төлеу; 4. Таяу Шығыстағы барлық майдандардағы шайқастарды тоқтату; 5. Ормуз бұғазы үшін жаңа құқықтық жүйе құру; 6. Иранға қарсы әрекеттерге қатысқан БАҚ қызметкерлерін соттау және экстрадициялау.

Шенеунік қазіргі әскери жағдайға сүйене отырып, Иран жақын арада атысты тоқтатуы екіталай деп санайтынын және екінші тарап «тарихтан сабақ алғанша» «агрессорды жазалауды жалғастыратынын» атап өткен. Ол сонымен қатар Иранның қазіргі «қорғаныс соғысы» аясындағы әрекеттері бірнеше ай бұрын жасалған және кезең-кезеңімен жүзеге асырылып жатқан жоспарға негізделгенін мәлімдеді.

Иранның мемлекеттік БАҚ-тары мен басқа да БАҚ-тардың жексенбідегі хабарламаларына сәйкес, Иран қарулы күштері Иранның операциялық стратегиясы қорғаныстан шабуылға ауысқанын және шайқас тактикасына тиісті түзетулер енгізілгенін мәлімдеді.

Бұған дейін АҚШ-тың Axios жаңалықтар веб-сайтының хабарлауынша, Трамп 20 наурыз күні соғысты біртіндеп тоқтатуды қарастырып жатқанын және Трамп әкімшілігі Иранның алты негізгі міндеттеме алатынына үміттеніп, Иранмен бейбітшілік келіссөздері стратегиясын тұжырымдай бастағанын мәлімдеген еді.

Халықаралық беделді басылымдарда жарық көрген АҚШ ортаға қойған алты шарт мынадай: 

1. Алдағы бес жылда зымыран бағдарламаларын жалғастырмау. 

2. Уранды байытуды толығымен тоқтату. 

3. Натанц, Исфахан және Фордоудағы ядролық нысандарды біржола бұзу (бұл нысандар өткен жылы АҚШ пен Израиль бомбалаған). 

4. Уран байыту центрифугалары мен ядролық қаруға қатысты жабдықтарды өндіру мен пайдалануға жан-жақты бақылау жасай отырып, сыртқы бақылау келісімдерін жүзеге асыру. 

5. Таяу Шығыс елдерімен қару-жарақты бақылау туралы келісімге қол қою, Иранның зымыран арсеналын 1000-нан аспайтындай етіп шектеу. 

6. Иран Ливандағы Хезболла, Йемендегі хусит көтерілісшілері және Газадағы Хамас сияқты прокси-топтарды қаржыландыруды тоқтатуы керек.

Axios хабарлауынша, шын мәнінде Иран бұл талаптардың кейбірін бірнеше рет қабылдамаған. Тегеран келіссөздер кезінде кенеттен бомбалаулар жасаған Трамп сияқты біреумен келіссөздер үстеліне оралуы өте қиын екенін анық айтып отыр.

Түркия сайттарының хабарлауынша, Түркияның сыртқы істер министрі Хакан Фидан Иран мен Египеттің сыртқы істер министрлерімен, АҚШ шенеуніктерімен және ЕО шенеуніктерімен Иран, АҚШ және Израиль арасындағы соғысты тоқтату шараларын талқылаған. Алайда бұл жиналыстан қандай нәтиже шыққандығы туралы әзірге ешқандай ақпарат таралған жоқ.

23 наурыз күні The Jerusalem Post басылымы АҚШ-тың жоғары лауазымды шенеуніктерінің сөздеріне сілтеме жасай отырып, жақында АҚШ-тың Иранның Харг аралына қарсы құрлықтағы әскери операция бастауы мүмкін екендігін хабарлады. Олар мәтінде АҚШ-тың «өзге амалы қалмауы мүмкін» деген сөз қолданылған. Олар сонымен қоса бұл мәселемен таныс екі дереккөзге сілтеме жасай отырып, АҚШ әскери күштері Таяу Шығысқа мыңдаған теңіз жаяу әскерлері мен әскери-теңіз күштерінің персоналын орналастыруды жеделдетіп жатқанын мәлімдеді.

Бұл орналастыруға шамамен 4500 теңіз жаяу әскері мен басқа да жауынгерлік персоналды тасымалдайтын USS Boxer амфибиялық шабуыл кемесі, USS Portland амфибиялық тасымалдау айлағы және USS Comstock айлақ кемесінің десанттық кемесі кіреді. 15 наурызда АҚШ президенті Трамп АҚШ Иранның Харг аралына жаңа шабуыл жасауға дайын екенін және Иранның мұнай инфрақұрылымына қарсы қосымша шаралар қолдануы мүмкін екенін айтып, құқай көрсеткен болатын.

21 наурызда Иранның Tasnim ақпарат агенттігі Иранның әскери дереккөздеріне сілтеме жасап, егер АҚШ Харг аралына қарсы «әскери агрессия» бастаса, ол АҚШ-Израильдің Иранға шабуылдарынан бері «бұрын-соңды болмаған қарсы шабуылға» тап болатынын хабарлаған еді.

Жағдай осылай шиеленісіп жатқан тұста бұл соғыстың қашан аяқталарын ешкім болжай алмаса керек. Соңғы деректерге қарағанда, Дональд Трамп Пентагонға Иранның энергетикалық инфрақұрылымдарына соққы беруді бес күнге шегере тұруға тапсырма берді деген хабар таралуда. Трамптың айтқаны рас болса, АҚШ пен Иран соңғы екі күнде Таяу Шығыстағы соғысты тоқтату бойынша «түбегейлі әрі жан-жақты шешуге қатысты нәтижелі келіссөздер жүргізген» көрінеді.

Ерқазы СЕЙТҚАЛИ
26.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Балалар суицидінің алдын алу жолдары
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 28.03.2026 30
Ақ пен Қараның тайталасы
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.03.2026 87
Жер қатынастары  жүйесі нені реттейді?
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 31
Кешеннің негізгі мәселелері
Шаргүл ҚАСЫМХАНҚЫЗЫ - 27.03.2026 30

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 24051
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23719
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 41199
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 37123
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41384