«ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»: АРЫСТА ЖАЗДА КӨШЕНІ ЖУЫП, ҚЫСТА ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ТЕХНИКА ӘКЕЛІНДІ

 «ТАЗА ҚАЗАҚСТАН»:  АРЫСТА ЖАЗДА КӨШЕНІ ЖУЫП, ҚЫСТА ҚАР ТАЗАЛАЙТЫН КӨПФУНКЦИОНАЛДЫ ТЕХНИКА ӘКЕЛІНДІ
Түркістан облысы, Арыс қаласына жаңа көпфункционалды жол техникасы келді. Арнайы техниканың ерекшелігі– көпфункционалды, яғни жыл бойы әртүрлі міндеттерді орындау үшін пайдалануға болады.
Жазғы уақытта бұл техника көшелерді жуу және тазалау жұмыстарын атқарады. Қысқы кезеңде қар тазалау және мұз мен тайғаққа қарсы тұз, құм себу үшін қолданылады.
Әмбебап техниканы «Таза Қазақстан» акциясын қолдап келе жатқан «Kazakh Real Stroy» мекемесі арнайы әкелді.
Жаңа техника заманауи талаптарға сай жабдықталған және қалалық инфрақұрылымды күтіп ұстауда жоғары тиімділікті қамтамасыз етеді.
Бүгінде техника қала көшелерін жуу жұмыстарына кіріскен. Оған сыйымдылығы 8 000 кубты құрайтын арнайы су жинағышы орнатылған. Әртүрлі бағытқа су шашатын екі шлангасы мен шаң-тозаң тазалайтын арнайы щеткасы бар. Сондай-ақ төтенше жағдай кезінде пайдалануға болатын, 80 метрге дейін жоғары қысыммен су шашатын шланга орнатылған.
Ал қысты күндері алдына арнайы қар күреуге арналған тіркемесі орнатылады. Ал су жинау резервуары орнына құм мен тұз салуға арналған тірекке ауыстырылады.
Мекеме мамандары жаңа техниканың қала жолдардың қауіпсіздігі мен тазалығын қамтамасыз етуде маңызды рөл атқаратынын атап өтті. Сондай-ақ алдағы уақытта бұдан да көлемі үлкен техникаға алдыру жоспарлап отқандарын жеткізді.
Басты мақсат – Арыс қаласының инфрақұрылымын жақсарту және оны тұрғындары үшін барынша қолайлы ету.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
04.07.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540