«Тазалық – табалдырықтан басталады» демекші қоршаған ортаның тазалығына жауапкершілікпен қарау – әрбір азаматтың міндеті. Тазалықты жанына серік еткен мойынқұмдықтар бүгін аудан орталығы Мойынқұм ауылындағы “Саяси қуғын-сүргін құрбандарына арнап соғылған ескерткіш” айналасына "Таза Қазақстан " акциясы аясында сенбілік жүргізді. Сенбілік кезінде ескерткішті жаңадап краскелеу жұмысьарын сондай ақ айналасындағы ағаштардың түбін әктеу мен абаттандыру және шөптерін шауып өртеу жұмыстарын жасады.
Ескерткіш айналасын абаттандыру жұмыстарына жүргізіліп жатқан тазалық жұмыстарына ауыл тұрғындары,жас спортшылар мен белсенді жастар бір кісідей жұмылып қарқынды жұмыс жүргізді.
“Сенбілік жұмыстарын жүргізу барысында «Таза Қазақстан» акциясы аясында үнемі сенбілікке шығып, өз ауылымыздың тазалығына сақтау мақсатында белсенді атсалысып тұрамыз. Аталған акцияны ауыл жастары өте дұрыс деп есептейміз, ауыл халқы да түгелдей өз аулаларын тазалап, ауылымыз біршама көркейіп қалды” - деп ой білдірген ауданның белсенді жастарының бірі Айдана Несіпбай акция жайлы оң пікірде екенін жеткізді
Жалпы атқарылған жұмыстардың көлемі 1 ГА құрап, ауланы тазалау, ескерткіш маңындағы ағаш және бағаналарды әктеу сырлау жұмыстары барысында 15 ағаш және 10 бағана әктелініп, ескерткіш жаңартып сырланды.