“Ауылына қарап, азаматын таны” дегендей, әр елді мекеннің тазалығы, сәулетті де көрікті болуы ауыл тұрғындарының жанашырлығына тікелей байланысты.
Тазалық пен тәртіп кез келген аймақтың табысты дамуының кепілі ғана емес, тұрғындар мәдениеттілігінің өлшемі.
Мемлекет басшысының тапсырмасымен республика бойынша «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы басталғаны белгілі. Бүгінгі таңда, еліміз бойынша аталған акция өз жалғасын табуда.
Байзақ ауданының орталығы саналатын Сарыкемер ауылындағы «Отбасы» аллеясы аумағында аудан әкімдігіне қарасты бөлім, мекеме қызметкерлері және жастардың қатысуымен тазалық жұмыстарын жүргізілді.
Шараның мақсаты - аудан тұрғындары арасында қоғамдық мәдениет деңгейін арттыру арқылы республикалық деңгейдегі акцияға қолдау көрсету болып табылады.