PS. Жоғалмас үшін көшіріп жаздым.
10.06.82 жылы күндізгі сағат 3-те Намыс, ар-ұждан, ақыл иесі – адамның арыстанының бірі Бауыржан Момышұлы дүние салыпты-ау! Бұғаудан мүлде өліп босанған арыстаным-ай!!!
…Доктор-ау, менде ешқандай ауру жоқ,
Ақшам мол, киім бүтін, тамағым тоқ.
Үйренген арпалысқа сорлы басым,
Атарға оғым да жоқ, жауым да жоқ.
Сенің трагедияң осынау өлеңде – ойыңда тұр ғой!!! Алдың жарық, артың қайырымды болғай!!! Сол күні күн күркіреп, нажағай атып, батырмен Алатау жылап қоштасқандай болды! Қабірінің басында "Стандартный заманда не стандартный өмір сүрген батырым-ай!" – деп сөйледі Ахтанов Тахауи. Сөйлеуін ол сөйлеп, қорқуын қорқақтар көрсетті. Қазалы дастархан үстінде менің айтқаным: БАУЫРЖАННЫҢ ОРНЫ – МӘҢГІ ОТТЫҢ ҚАСЫ, 8-ГВАРДИЯШЫЛ ПАНФИЛОВ ДИВИЗИЯСЫНЫҢ, КЛОЧКОВТЫҢ АЛДЫ ЕДІ-АУ! Амал қанша, шолақ ақыл, сорлылықтың соры ғой! Дүниенің өкініші көп қой, сол өкініштің бірі Д.А.Қонаев пен Бауыржан кездеспей өтті!
#Әсет_Ақмолда