«Тегін» деген сөзді алып тастамаңыздар!

«Тегін» деген сөзді алып тастамаңыздар!

14 бап, 4 тармақ: Конституцияда, заңдарда және халықаралық шарттарда көзделген жағдайда шетел азаматы мен азаматтығы жоқ адам Қазақстан Республикасының азаматы үшін белгіленген құқықтар мен бостандықтарды пайдаланады, сондай-ақ мiндеттерді атқарады.

Жылына елге 6 жарым млн шетелдік келеді екен. Олардың бәрі Қазақстан азаматтары секілді тегін ем мен білім алады. Салық төлемесе де, мемлекет тарапынан берілетін басқа да игіліктерді тегін пайдаланады. Не үшін? 

 

Депутат Мұрат Әбенов осы мәселені дұрыс көтеріпті. Бұл баптың 4 тармағын алып тастау керек!

Конституциядағы 29 БАП-тың 2-тармағын алайық. 

«Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін ТЕГІН алуға хақылы». 

Ал Конситуцияны өзгерткіштер «тегін» деген сөзді алып тастапты. 

Мен «Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін ТЕГІН алуға хақылы» деген баптың өзгеріссіз қалуын сұраймын. 

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Республика азаматтары заңмен белгіленген кепілді медициналық көмектің көлемін ТЕГІН алуға хақылы.

3. Мемлекеттік және жеке меншік емдеу мекемелерінде, сондай-ақ, жеке медициналық практикамен айналысушы адамдардан ақылы медициналық жәрдем алу заңда белгіленген негіздер мен тәртіп бойынша жүргізіледі.

Ал жаңа жобада:  

 32 БАП

1. Қазақстан Республикасы азаматтарының денсаулығын сақтауға құқығы бар.

2. Қазақстан Республикасының азаматтары ақы төлемей, заңда белгiленген тәртіппен медициналық көмек алуға құқылы.

3. Мемлекеттік және жекеменшiк емдеу мекемелерiнде, сондай-ақ жеке медициналық практикамен айналысатын тұлғалардан ақылы медициналық көмек алу заңда белгiленген негiзде және көзделген тәртiппен жүзеге асырылады. 

Дина ЕЛГЕЗЕК

 

12.02.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23393
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23058
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39194
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36577
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40695