Қазақстандық теннисшілер Түркия мен Норвегияда өткен турнирде жеңімпаз атанды. Қазақстан теннис федерациясы мәлім еткеніндей, Григорий Ломакин жұптық сында украиналық Олег Приходькомен бірге Түркияда өткен жарыста (жүлде қоры – 15 АҚШ доллары) үздік шықты. Қазақстандық-украиналық жұп финалда жапониялықтар Каито Уесиги мен Тосихиде Мацуиды 7:5, 3:6, 10:5 есебімен тізе бүктірді. Осылайша Г.Ломакин ITF сериясында жұптық сында спорттық жолындағы 14-інші, биылғы маусымдағы жетінші титулына қол жеткізді. Әйелдер арасында Мысырдағы осындай сында қазақстандық Екатерина Дмитриченко мысырлық Сандра Самирмен бірге ресейлік Анастасия Золотарева – Беларусь өкілі Алина Фалейге есе жіберді – 4:6, 2:6. Норвегияда 14 жасқа дейінгілер арасында үшінші санаттағы Tennis Europe жарысында Заңғар Нұрланұлы жекелей сында чемпион атанды. З.Нұрланұлы финалда франциялық Лене Кутюрьені 6:3, 6:4 есебімен ұтты. Биыл Заңғар төрт рет финалға дейін жетіп, соның екеуінде қарсыласын жеңді. Өзінің айтуынша, ол Норвегияда келесі жылы да өнер көрсетпекші. Қазақстандықтар Үндістанда 18 жасқа дейінгілер арасында өткен үшінші санаттағы ITF додасында финалға дейін жетті. Аружан Сағындықова жапониялық Хонуку Умедамен бірге шешуші бәсекеде қытайлық тайбэйлік Ю-Ю-Ли – жапониялық Сара Саитодан жеңіліп қалды – 4:6, 1:6. Жекелей сында жартылай финалда Аружан үндістандық Вайшнави Адкар, тағы бір қазақстандық Жанель Рүстемова жапониялық С.Саитодан айласын асыра алмады. Бозбалалар арасында Максим Батютенко мен Артур Хайретдинов финалда тартысты матчта үндістандықтар Муни Мани – Рушил Хослудан ұтылды – 6:4, 2:6, 6:10. Сондай-ақ Максим жекелей сында жартылай финалда тайлық Танапат Нирондонудан аса алмады. Еске сала кетейік, бұдан бұрын 14 жасар Зара Дәркеннің Еуропада үздік шетелдік ойыншы атанғанын жазған болатынбыз.