Теріскейге көшкендерге қолдау зор

Теріскейге көшкендерге қолдау зор

Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметіне сүйенсек, Маңғыстау облысына 1992 жылдан  биылғы шілдеге дейінгі аралықта шетелдерден  35 мың 762 отбасы, яғни 138 мың 496 адам қоныс аударған.  

«Қазақстанның солтүстік өңірлеріне ерікті қоныс аудару 2016 жылдан бері бастау алды. Бүгінде бұл үрдіс ел Президентінің «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасының аясында жүзеге асып жатыр. Осы 2016 жылдан бері 163 отбасы, яғни 562 адам солтүстік-шығыс өңірлерге, атап айтсам, Солтүстік Қазқастан, Павлодар, Шығыс Қазақстан мен Қостанай облыстарына қоныс аударды. Жыл басынан бері 21 отбасы - 89 адам солтүстікке қоныстанды. Бағдарламаға қатысушыларға және оның отбасы мүшелеріне  - отағасына және әрбір отбасы мүшесіне бір рет 70 АЕК мөлшерінде көшуге материалдық көмек беріледі. Ол 1 адамға 214 410 теңге, ал 2 адамға  428 820 теңге секілді осылай кете береді. Бұған қоса бағдарламаға қатысушының отбасына, жалғыз басты жандарға да он екі ай бойы тұрғын үй жалдау  мен коммуналдық  қызметтер ақысын бойынша шығыстарды өтеуге материалдық көмек беріледі. Атап айтар болсақ, ауылдық жерге қоныс аударғандарға бір адам үшін 15 АЕК, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болған кезде 18 АЕК мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 21 АЕК мөлшерінде төленеді. Ал қалалық жерлерге қоныс аударғандарға, бір адам үшін 20 АЕК мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны екеуден төртеуге дейін болса 25 АЕК мөлшерінде, отбасы мүшелерінің саны бесеу және одан көп болған кезде 30 АЕК мөлшерінде төленеді. Жұмысқа, балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыруға жәрдемдеседі. Қабылдаушы өңірлерде бос вакансия есебінен жұмысқа орналастыру көзделген»,-дейді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  басышысының орынбасары Досан Жеткізген.

Оның айтуынша, ерікті түрде қоныс аударушылар мен қандастар көбіне солтүстік облыстарда  аудандарға қарасты  ауылдық округтер  мен ауылдарға орналастырылады. 

«Көбіне солтүстік-шығыс өңірлерде ауыл шаруашылық саласының  мамандарына сұраныс жоғары.  Кез келген адам өз біліміне, икеміне қарай кәсібін таңдап, жұмыс жасауына мүмкіндігі бар. Көшіп барушыларды қабылдаушы тарап жұмысқа орналастыруға жәрдемдеседі.  Сол жердегі  әлеуметтік жағдайына  көңілі толмай қайтып келген отбасылар да жоқ емес. Бұдан  бөлек қабылдаушы бір өңірден өзге бір  облысқа қоныс аударған жағдайлар да кездеседі.  Соңғы кездері еліміздегі көші-қон үдерісін жақсарту мен қандастарды теріскейге қоныстандыруда шетелдегі этностық қазақтарды қолдау мақсатында құрылған «Отандастар» қоры нәтижелі қызмет етіп келеді.  Жоғарыда атап өткенімдей, қоныс аударушылардың өзі екі санатқа бөлінеді, Бірі  - қандастар , ал екіншісі ерікті қоныс аударуға ниетті азаматтар. Жұмыс күшінің ұтқырлығын арттыру үшін ерікті түрде қоныс аударуға жәрдемдесу бойынша мемлекеттік қолдаудан тұрғылықты жерінде баспанасы бар адамдар да құр қалмайды. Әлеуметтік еңбек қатынастары саласындағы ақпараттық жүйе - enbek.kz сайты арқылы немесе облыстық не қалалық жұмыспен қамту орталықтарына барып, ерікті түрде қоныс аудару жобасына қатысуға ниетті азаматтар өтініш тапсыра алады»,-дейді Досан Жеткізгенұлы.

Қандастар мәселесі қалыс қалмаса...

Пандемия тұсындағы қатаң шектеулер кезең-кезеңімен алынып, Қазақстан мен Түрікменстан елдері арасындағы құрлық шекарасы ашылысымен, атажұртқа асыққан ағайынның көші қайта түзелген еді. Дегенмен бүгінгі таңда Түрікменстаннан көшіп келген қандастар бірқатар қиындықтарға кезігуде.

Құзырлы органдар тарапынан даярланған этникалық қазақтарды қабылдаудың жаңа тетіктері шеңберінде ендіден бастап Түрікменстаннан көшіп келген қандастар белгілі бір өңірге бағытталмақ. Жаңа құжатқа сәйкес аталған елден көшіп келушілер Қазақстанда тұрақтауы үшін белгілі бір аймақтың атауын көрсеткен жағдайда ғана с10 визасына қол жеткізе алады. Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  мәліметіне сүйенсек, Түрікменстан мемлекетінен Маңғыстау өңіріне  17 шілде мен 8 тамыз аралығында  677 адам қоныс аударған екен. Визалық құжатына сәйкес 169 адам Ақмола облысына, 368 адам  Павлодар облысына, 11 адам Абай облысына, 29 адам Шығыс Қазақстан облысына, ал 2 адам Солтүстік Қазақстан облысына қоныс аударуға бағытталған.

«Маңғыстау өңірі қоныс аударушыларды қабылдау өңіріне жатпайды. Бүгінде Ақмола, Атырау, Шығыс Қазақ­стан, Батыс Қазақстан, Қостанай, Павлодар, Солтүстік Қазақстан облыстары Үкімет қаулысына сәйкес қандас­тарымызды орналастыру өңірлері ретінде бекітілді. Сол себепті тұрақты тіркеу құжатына қол жеткізу,  қандас мәртебесін алу  және  өңірлік квотаны иемдену үшін осы өңірлерге қоныстану міндеттеледі. Біз Түрікменстаннан келген қандастарымызды мәжбүрлемейміз. Жергілікті мемлекеттік органдар тарапынан көші-қон заңнамасының талаптарын  түсіндіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Көбі Маңғыстау облысында қалғысы келеді. Бірақ олардың шекарадан өтер кездегі визалық құжатында жоғарыда аталған өңірлер соғылған. Виза-  кез келген елдің аумағына кіруге, тұруға рұқсат беретін басты  заңды құжат. Сондықтан Маңғыстау өңірінде Түрікменстаннан келген қандастар ешқандай мемлекеттік қызметке жүгіне алмайды. Тиісінше балаларды балабақшалар мен мектептерге орналастыру мүмкін болмайды. Қазақстан аумағына енсек болды, сол облыста тұрақтап қаламыз деген түсінік - қате. Визалық құжатта көрсетілген мәліметті өзгерту біздің құзыретімізге кірмейді. Ешкімді ағайын-тумадан ажыратқымыз келмейді. Бірақ мына жайтты да ескеру керек. Маңғыстау облысы - жұмыс  күші артылатын өңір. Халықты тұрақты жұмыспен қамту,  облыстағы еңбек қатынастарының жағдайы әлеуметтік шиеленісті туындатып отыр. Жұмыссыздық мәселесі күн тәртібінде тұрған кезде шетелден азаматтарды қабылдау бірқатар экономикалық мәселелердің күшеюіне ықпал етуі мүмкін»,-дейді Маңғыстау облыстық жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасының  басышысынң орынбасары Досан Жеткізген.

«Осы күнге дейін облыс әкімінің орынбасары, басқарма басшыларының қатысуымен бірнеше жиын өтті. ҚР Премьер-Министірінің орынбасарының тапсырмасына сәйкес 11 тамыз күні Ақмола облысы әкімдігінің өкілдері яғни қандастар мен қоныс аударушыларды қабылдаушы тарап келді. Қандастармен кездесуде олар қабылдау тәртібі, мемлекет тарапынан  көрсетілетін қолдау мен берілетін көмек, жұмыс орындары жайлы жан-жақты ақпаратпен бөлісіп, жеке қабылдаулар өткізді. Ақмола облысындағы ірі кәсіпорын «НОВОПЭК» ЖШС-нің өкілдері де 50-ден аса  бос жұмыс орындары жайлы және жұмыс жағдайы, отбасылық типтегі жатақханамен қамту секілді  ақпарат ұсынды.  Алдағы дүйсенбіден бастап өзге де облыстардың жауапты тұлғалары келеді. Тағы айта кетер дүние, Түрікменстаннан келген ағайындар Өзбекстан азаматтары еліміздің аумағына емін-еркін кіріп-шығып жүргендігін алға тартып, өз уәжін білдірген еді. Бірақ жиналыс барысында екі ел арасындағы сауда-дипломатиялық келіссөздердің нәтижесінде визалық рәсімдеуді қажет етілмейтіндігі түсіндірілді»,-дейді Досан Жеткізген.  

Голрох ЖЕМЕНЕЙ, Маңғыстау облысы
16.08.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЫСТАН АБАЙ БОЛЫҢЫЗ!
Аяулым САНСЫЗБАЕВА, Жетісу облысы - 23.11.2024 15
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 2
Қар тазалауға 189 техника сақадай сай
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 7
«Жайлы мектепте» оқып жатыр
Шадияр МОЛДАБЕК, Шымкент қаласы - 23.11.2024 11
АБАЙ ДЕП СОҚҚАН   ЖҮРЕГІ
Сәтжан ҚАСЫМЖАНҰЛЫ, Абай облысы - 23.11.2024 10
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 2
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 16
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 249
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 244
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 869

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8941
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8333
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11561
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9319
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10545