Береке - берлікте екенін Тоғызтараулық ағайындар жете ұғынғандай. Жаңа жыл мерекесі қарсаңында ауыл әкімі Мұхтар Шайдаев бастаған ауыл азаматтары "Алтын Тұғыр-2021" ұлттық спорт сыйлығын 4 мәрте иеленген, "Әулиеата" көкпар командасының белді шабандозы, Тоғызтарау ауылының тумасы Құрманбек Тұрғанбекке сайгүлік міңгізіп, абыройын көтерді.
Ауыл азаматтары ақ дастархан басында жиылып, ел мақтанышын ықыласпен қарсы алды. Батагөй ақсақалдар ақ батасын жаудырды.
📍Өз кезегінде сөз алған Мұхтар Шайдаев шабандозға алар асуың биік екенін, өзіңмен қауымың бірге екенін жеткізіп, құрмет көрсетті.
Сондай-ақ жиында ер-тұрманымен, аттың жабуымен, шабандозшығп қазақы бөрік пен иығына шапан жабылды