Астана қаласында 3 мамыр күні «Халықтың табысын арттырудың 2025 жылға дейінгі бағдарламасы» кешенді жоспарына арналған кеңес отырысы өтті. Бұл жиынға үкімет басшысының орынбасары Тоғжанов мырза қатысты. Жиын әдеттегідей ресми тілде басталып, ресми тілде аяқталды. Сөз алған шешендердің басым бөлігі ресми тілде жорғадай тайпалды.
Жиынның соңғы сөзін сөйлеген «Қазпошта» АҚ басқарма төрағасы Серік Саудабаев вице-премьер сынына ілікті. Ол Серік Саудабаевқа ескерту жасай отырып, брифинг қатысушыларының бәріне ескерту жасады: «Бағанадан тыңдап отырмын, орыс тілінде керемет сөйлеп жатырсыздар. Қазақ тілінде де сөйлеу керектігін еске салғым келеді. Естеріңізде болсын. Бүкіл елде, халықтың арасында мұны әр уақытта есте сақтауымыз қажет. Мына жерде отырған азаматтардың бәрі – осы елдің азаматтары. Сондықтан жүрген-тұрған жерімізде осыны үнемі ескеруміз керек. Айналамызда болып жатқан жағдайды көріп отырсыздар. Сондықтан сіздерге де тікелей қатысы бар. Бұл әр саламызға қатысты. Осыны бәріміз ескеруге тиіспіз, – деді Үкімет басшысының орынбасары. Дегенмен бұған қуануға әлі ерте.
Себебі бізде ескертуді жүре тыңдайтын, болмаса күле тыңдайтын басшылар көп. Заң қауқарлы болса, мұның бірі болмас еді-ау...
Бұдан қандай нәтиже шығарын алда көре жатармыз. Әйтеуір жақсылық болғай!