Токио-2020: Паралимпиадаға елден 25 спортшы қатысады

Токио-2020: Паралимпиадаға елден 25 спортшы қатысады

24 тамыз бен 5 қыркүйек аралығында Токио-2020 XVI Жазғы паралимпиада ойындары өтеді. Бұл сынға Қазақстанның атынан 25 паралимпиадашы қатысып, спорттың 7 түрі бойынша ел намысын қорғайды. «Паралимпиада ойындары қарсаңында «Қазақстанның Паралимпиада спортын қолдаймыз» челленджі басталды. Рио-2016 Паралимпиада ойындарынан кейін елімізде параспортпен айналысқысы келетіндердің саны артты, өңірлерде мүгедек адамдарға арналған жаңа спорт мектептері ашылды және Елордада ультразаманауи паралимпиадалық жаттығу орталығы салынды. Онда мүмкіндігі шектеулі адамдар өзіне қолайлы спорт түрімен тегін айналыса алады», — деп жазылған Ұлттық паралимпиада комитеті Маркетинг және коммуникация департаментінің хабарламасында. Комитет жариялаған челледжге қатысу үшін паралимпиадашыларға қолдау білдерген мазмұндағы бейнеүндеу түсіріп, әлеуметтік желіге НПК @kazparalympics ресми аккаунтын белгілеу арқылы мына хэштегтермен салу қажет: #teamkz, #kazparalympics және #parateamkz. Челленджге бірінші болып Нұрлан Қоянбаев, Аружан Саин, Мақпал Исабекова, Мөлдір Әуелбекова, Бейбіт Қорған, Ерлан Көкеев, Бақыт Сыздықова сияқты танмал адамдар үн қосқан. Еске салайық, 29 шілде күні ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан Ұлттық паралимпиада құрама командасының мүшелерімен кездескен болатын. Мемлекет басшысы спортшылардың Тәуелсіз Қазақстан тарихында алғаш рет Паралимпиада ойындарына 25 жолдама ұтып, байрақты бәсекеге үлкен құраммен аттанып бара жатқанын атап өткен. «Әлемдегі жүз мыңдаған спортшының арасынан үздік шығып, осы ойындарға жолдама алу екінің бірінің қолынан келе бермейді. Сіздер бұған табандылық пен кәсіби дайындықтың арқасында қол жеткізуге болатынын дәлелдедіңіздер. Демек, әрбір параспортшымызды қазірдің өзінде жеңімпаз деуге болады. Өздеріңізді барша отандасымыз мақтан тұтады», – деген еді Қ. Тоқаев сонда.

Ермек Сахариев
13.08.2021

Ұқсас жаңалықтар

АУДАНДЫҚ ӘКІМДІКТЕ
Сарысу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі - 01.04.2025 142
Облыс әкімі азаматтарды қабылдады
Жамбыл облысы әкімдігі - 01.04.2025 192
ОРДАБАСЫ АУДАНЫНЫҢ ОРТАЛЫҒЫ ГҮЛМЕН КӨМКЕРІЛДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 66
НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ  ТӨЛЕБИЛІКТЕРМЕН КЕЗДЕСТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 246
ШАРДАРАЛЫҚ ЗІЛТЕМІР ШЕБЕРІ ТҰҢҒЫШ ЕЛ ЧЕМПИОНЫ АТАНДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 31.03.2025 55

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 3570
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 3778
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 18700
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 17384
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 20805