Төлеби ауданында бүтін бір ауыл темекі мен арақтан толық бас тартқан

Төлеби ауданында бүтін бір ауыл темекі мен арақтан толық бас тартқан

Түркістан облысының басқа ауылдарымен салыстырғанда бұл ауылда ажырасу мен қылмыс соңғы жылдары тіркелмеген.

Түркістан облысында тағы бір ауыл темекі мен ішімдіктен бас тартты, деп хабарлайды «Хабар 24» арнасына сілтеме жасаған КҮН.КЗ тілшісі.
 
Салауатты өмір салтын ұстанатын елдімекенде денсаулыққа зиянды өнімдер мүлде сатылмайды. Ауыл ақсақалдарының бастамасымен шылым мен ішімдік әкелмеуге шешім қабылданды.
 
Төлеби ауданындағы Қоғалы ауылында соңғы уақытта қылмыс дерегі тіркелмеген. Ажырасатындар да аз. Былтыр аймақтық байқауда бұл ауыл «Үлгілі елді мекен» атанды.
«Табиғат аясында тұрғаннан кейін өзіміздің денсаулығымызды құртқымыз келмейді. Үлкендердің шешімі бойынша керек заттар, азық-түлік сатамыз. Алкогольді ішімдіктер және темекі сатпаймыз. Барлық зат күнделікті күнкөріске арналған, нан, сулар соларды сатамыз», — дейді ауыл тұрғыны Нұртөре Нұржамал.
Түркістан облысында кейінгі алты жылда темекі мен алкоголь тұтынбайтын ауыл саны 12-ге жеткен. Келген қонақтардың өзі ауылдың жазылмаған заңына бағынады.
kyn.kz
02.07.2023

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 6874
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 7003
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 21993
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 20607
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 24095