ТӨЛЕБИДЕ 3 МЕКТЕП, 3 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ

ТӨЛЕБИДЕ 3 МЕКТЕП, 3 КӨПҚАБАТТЫ ТҰРҒЫН ҮЙДІҢ ҚҰРЫЛЫСЫ ЖҮРГІЗІЛУДЕ
Төлеби ауданында «Жайлы мектеп» жобасы аясында 3 мектептің құрылысы жүргізілуде. Бұған қоса, 3 көпқабатты тұрғын үйдің құрылысы қарқынды жүзеге асуда. Атап айтсақ, Алатау ауылдық округі, Қосағаш елді мекенінде 300 орындық, Көксәйек ауылдық округі Көксәйек елді мекенінде 600 орындық, Киелітас ауылдық округі Достық елді мекенінде 900 орындық мектеп ғимараттары.
Бүгінде үш «Жайлы мектептің» сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы қарқынды жүргізілуде. Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Лесбек Серікбаев үш білім ошағын аралап, мердігер мекеме өкілдеріне жолығып, атқарылып жатқан жұмыс барысын қадағалады.
Қосағаш елді мекеніндегі 300 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысын «Содбис Строй» ЖШС жүргізіп жатыр. Қазіргі кезде білім беру мекемесіне электр жүйесін, ауыз су құбырын, газ құбырын, сымтетік желісін тарту жұмыстары аяқталуға жақын.
Сондай-ақ Достық елді мекеніндегі 900 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы тартылып, жол салу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Мердігер мекеме: «Construction Group SAMRUK» ЖШС. Көксәйек елді мекеніндегі 600 орындық мектептің сыртқы инженерлік-коммуникация жүйелерінің құрылысы да қарқынды жүзеге асуда.
Аудан әкімінің орынбасары Ленгір қаласы, І мөлтек ауданы, Қапал батыр көшесі бойындағы 5 қабатты көппәтерлі 3 тұрғын үйдің құрылыс жұмыстарына назар аударды.
Аудандағы құрылыс алаңдарында қарбалас тірлік. Мердігер мекеме басшыларына құрылыс жұмыстарын кестеде көрсетілген мерзімде аяқтауды тапсырған аудан әкімінің орынбасары халық көптен күткен баспаналарына қол жеткізіп, оқушылар жаңа білім ошағында білім алу қажеттігін ескертті.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
02.10.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540