Тоқаев Фейсал бен Фархан Әл Саудты қабылдады

Тоқаев Фейсал бен Фархан Әл Саудты қабылдады

   Мемлекет басшысы Қазақстанға ресми сапармен келген Сауд Арабиясы Корольдігінің Сыртқы істер министрі Фейсал бен Фархан Әл Саудты қабылдады.  Кездесу барысында саяси, сауда-экономикалық, инвестициялық және мәдени-гуманитарлық ынтымақтастықты нығайтуға баса мән бере отырып, Қазақстан мен Сауд Арабиясы арасындағы қатынастарды дамытудың перспективалары талқыланды. Қасым-Жомарт Тоқаев: «Сауд Арабиясы — Қазақстанның араб және ислам әлеміндегі басты серіктесінің бірі.  Елдеріміз ортақ құндылықтарға негізделген саяси диалогты достық пен өзара сенім рухында дәйекті түрде дамыта береді. Екі қасиеттінің Сақтаушысы Король Салман бен Әбдел Әзизбен және Тақ мұрагері Мұхаммед бен Салманмен арадағы табысты ынтымақтастықты одан әрі жалғастыруға дайын екенімізді білдіремін», – деп, Қазақстан мен Сауд Арабиясының үкіметаралық комиссиясы мен Іскерлік кеңестің жұмысын жандандыру маңызды екеніне тоқталды. Сондай-ақ тиісті келіссөздерді жүргізу үшін өкілетті үкіметтік делегацияны Эр-Риядқа жіберуге дайын екенін айтты. Министр Екі мемлекет арасындағы қарым-қатынастардың дәйекті түрде дамып келе жатқанын атап өтіп, Корольдік басшылығының дипломатиялық байланыстар орнағаннан бергі жан-жақты ынтымақтастық бағыттағы жетістіктерді жоғары бағалайтынын айтқан Саудиялық дипломат: «Сізді елде референдумның табысты өтуімен құттықтаймын. Сауд Арабиясы Корольдігі Сіздің басшылығыңызбен Екінші Республиканы құру ісінде және Қазақстанның одан әрі өркендеуіне бағытталған ауқымды реформаларды жүзеге асыруды жалғастыруда табыс тілейді», – деді Біз сауда-экономикалық және инвестициялық ықпалдастықты нығайтудың перспективаларын егжей-тегжейлі талқылау үшін қазақстандық серіктестермен кездесу ұйымдастыруға дайынбыз.  Бұл жуық арада Қазақстанда жоғары деңгейдегі кездесу өткізу үшін берік негіз болады»,— деді.

Ермек Сахариев
08.06.2022

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 143
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 157
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 431
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 841

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18339
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18199
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33387
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31939
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35698