Тоқаев отандық QazVac екпесін дәріптеді

Тоқаев отандық QazVac екпесін дәріптеді

  БҰҰ-на мүше 193 мемлекеттің 100-ден астамы Нью-Йоркке келіп, штаб пәтерде бас қосты.  БҰҰ Бас Ассамблеясының жоғары апталығы әлемнің мемлекет және үкімет басшыларын жинап, адамзат баласы үшін өзекті болған саяси-экономикалық, әлеуметтік және экологиялық тақырыптарды талқылады. 76-сессияның апталығы бірнеше ерекшелігімен есте қалды. Ең алдымен биылғы жиынның гибрид форматында өткендігін айту керек. Кейбір  мемлекет өкілдері пандемияға байланысты онлайн форматында қатысуды ұйғарды. Тақырыптарға келер болсақ, әлемнің басты талқылау алаңында бірқатар өзекті, түйткілді мәселелер көтерілді. Солардың ішінде ковид пандемиясымен күрес, жаһандық қауіпсіздік пен тұрақтылықты қамтамасыз ету, климаттың өзгеруі және Ауғанстандағы жағдайға көңіл бөлу күн тәртібіндегі негізгі тақырыптар болды. Жиынның ашылуында сөз алған Бас Хатшы Антониу Гуттериш: «Аталмыш мәселелерді шешу үшін ұйымға мүше елдердің ортақ күш-жігері қажет.  Қазіргі қиын қыстау уақытта мемлекеттер арасындағы ынтымақтастықтың болмауы мені қынжылтады. Біздің серпіліс жасап, әрекет ететін уақытымыз жетті. Түрлі елдердегі төңкерістер, саяси тартыстар мен климаттың өзгеруі, адам құқықтарының тапталуы сынды көптеген проблемалар бар және олар адамның қолымен жасалды. Демек оны шешу де қолымыздан келеді деген сөз. Сонымен қатар пандемия уақытында дамыған мемлекеттердің басым бөлігі вакциналанып үлгергенімен, африкалықтардың  90 пайызы екпенің бірінші дозасын да ала алмай отыр», – деді. Осы орайда мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің бейнеүндеуінде ковид пандемиясының адам өміріне әкелген зардабын айтып, отандық «Каз-Вак» екпесін әлем елдерімен бөлісуге дайын екендігін жеткізді.  

 

Ермек Сахариев
27.09.2021

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 235
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 373
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 370
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 602
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 544

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9247
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8643
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11870
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9641
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10852