Төтенше жағдай зардаптарын жою аяқталып келеді

Төтенше жағдай зардаптарын жою аяқталып келеді

Сарысу ауданында жыл басында орын алған төтенше жағдай салдарынан аудан бойынша үлкенді-кішілі 1067 нысан зақымданған. Бүгінде аудан әкімі Марат Сұлтанғалиевтің басшылығымен орынбасарлары өздері жетекшілік жасайтын салалардағы бүлінген нысандарды қалпына келтіру жұмыстарына жауапты ретінде бекітіліп, жөндеу жұмыстарының сапалы атқарылуын қадағалауда. Зақымданған нысандар ішінде көпқабатты және жеке тұрғын үйлер, қоражай, әлеуметтік және кәсіпкерлік нысандар, спорт алаңшалары, көше жарықшамдары мен электр бағаналары, жасанды жол кедергілері, жол белгілері, бағдаршам мен бейнебақылау камералары, қоқыс төгетін алаңшалар, қоршаулар мен кіреберіс қақпалар және көрнекі үгіт-насихат құралдары орналасқан бильбордтар бар. Электр қуатын қалпына келтіру жұмыстарына 146 адамнан құралған 21 бригада, 35 техника жұмылдырылып, Жаңатас қаласы мен 25 елді мекен жарығы қалпына келтірілді. Жаңатас қаласының жылыту, ауыз су, кәріз жүйелері қалыпты жағдайда жұмыс жасауда. 25 қаңтар күнгі мәлімет бойынша барлығы 1056 нысан қалпына келтірілген. Атап айтқанда, әкімдіктің, меншік иелерінің, демеушілер мен еріктілердің күшімен 95, аудандық бюджеттен 151, облыстық бюджет есебінен 417 нысан және 523 электр бағаналары қалыпқа келтірілген. Қалған 11 нысанда қалпына келтіру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Олардың ішінде 2 көпқабатты тұрғын үй, 1 әлеуметтік нысан, 8 спорт алаңшасы бар. Дауыл салдарынан қатты бүлінген Жаңатас қаласындағы 7 нысанға күрделі жөндеу-құрылыс жұмыстары басталған. Қазір 3 нысанның жөндеу жұмыстары ғана қалды, 70-80 пайыз жұмыс атқарылған. Барлық нысандардағы құрылыс жұмыстарына қажетті жұмысшылар тартылып, техникалармен қамтамасыз етілген. «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы аудандық бөлімшесінің зақымдалған 385 абонентінің 284-і іске қосылды. Бұдан бөлек, 16 көпқабатты тұрғын үйдің түрлі деңгейде бүлінген шатырлары жөнделді. Жеке секторларда зардап шеккен үйлерге құрылыс материалдары таратылып берілген. Дауылдан кейінгі тазалық жұмыстарына барлығы 156 адам, 20 техника жұмылдырылып, 198 тонна түрлі қоқыстар шығарылып, 68 километр жол қардан тазаланған.

Амангелді ӘБІЛ Сарысу ауданы
31.01.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 117
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 130
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 221
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 221
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 358
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 358
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 589
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 532

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9238
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8634
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11860
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9631
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10843