ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙ ЖАРИЯЛАНДЫ

Су тасқыны салдарынан Ақтөбе облысы Қобда ауданының әкімі Болат Құловтың шешімімен Қобда ауылында жергілікті деңгейдегі төтенше жағдай жарияланды. 

13 наурызда Қобда ауданында қардың қарқынды еруі және далалықта еріген қар суы салдарынан Қобда ауылында 15 үй, 28 аула аумағы, денешынықтыру-сауықтыру кешенінің ғимараты, бір кафе су астында қалды. Тұрғындар қауіпсіз жерге – эвакуациялық пунктке көшірілді. 

Ақтөбе облысындағы су басқан кентте төтенше жағдай жарияланды

Қазіргі уақытта үйлердің аулаларын аралау жүргізіліп, қапшықтарды төсеу бойынша шаралар қабылданып жатыр. 6 мың шаршы метрден астам еріген қар суы сорылды. Су тасқынына қарсы іс-шараларға 35 бірлік техника, 123 адам жұмылдырылды.

Қобда ауданындағы жағдай облыс әкімінің жеке бақылауына алынды. Облыс әкімі Ералы Тоғжанов су тасқынына қарсы штабтың шұғыл отырысын өткізді. Өңір басшысы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, елді мекенді су басудың алдын алу және көлік қозғалысын қалпына келтіру мақсатында 13 наурызда бұзылған «Самара – Шымкент» халықаралық маңызы бар жолдың 613-шақырымында металл су өткізгіш құбырларды орнату және инертті материалдармен толтыру жөніндегі жұмысты аяқтауды, автокөлік қозғалысын қалпына келтіруді, сонымен бірге автожол арқылы судың асып кету және елді мекендерді су басу қаупі бар барлық учаскелерде максималды өткізу қабілеті бар тұрақты су өткізу құбырларын орнату жобасын әзірлеуді тапсырды. Сондай-ақ өңір басшысының тапсырмасымен «Самара – Шымкент» тас жолы арқылы Қобда ауылына қарай су тасқынына жол бермеу және ауылдың өзін су басуды болдырмау мақсатында Қобда – Ойыл автожолы учаскесінің екі жағында бөгет салу жайы қарастырылмақ. 

Ауыл тұрғындарымен кездесуде Ералы Тоғжанов зардап шеккен әр отбасына қажетті көмек берілетінін атап өтті. 

– Ауданда комиссия құрылып,  үйлер тексерілетін болады. Біз барлығына қолдау көрсетеміз, қаражат бөлеміз, мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу шаралары қабылданады. 

Ең бастысы,  тұрғындардың қауіпсіздігі қамтамасыз етілді. Ауданда комиссия құрылып, барлық үйлер тексерілетін болады. Біз барлығын қолдаймыз, қаражат бөлеміз, бәрін мүмкіндігінше тез қалпына келтіреміз. Бұл жағдайға мұқият талдау жүргізіліп, су тасқынының қайталануына жол бермеу бойынша шаралар қабылданады, – деді  Ералы Тоғжанов. 

Елді мекендерде су тасқынына қарсы іс-шараларды іске асыру жалғасуда: арнайы техника жұмыс істеп жатыр, инертті материалдарды төгу, қапшықтарды төсеу және су сорғылау жұмыстары күшейтілді.

Халыққа және Төтенше жағдай департаментінің қызметкерлеріне көмек көрсету үшін облыстық Полиция департаментінің жиынтық жасағының қызметкерлері Қобда ауданына жіберілді. Полицейлер су басқан үйлердің тұрғындарын және мал-мүлкін эвакуациялап, жол бойына құм төсеумен, құм дорбаларын дайындаумен айналысып жатыр. Сонымен қатар полиция ауыл тұрғындарының мүлкінің сақталуын қадағалайды. Қобдада мұндай көлемдегі су тасқыны соңғы рет 1993 жылы болған. 

 

М.ТАБЫН, Ақтөбе облысы
16.03.2023

Ұқсас жаңалықтар

«ЖІБЕК ЖОЛЫ» КЕДЕН БЕКЕТІНІҢ МАҢЫН РЕТТЕУ ЖОЛДАРЫ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 66
ТҮРКІСТАН: САРЫАҒАШТА КӘСІПКЕРЛІК ДАМЫП КЕЛЕДІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 61
КӨКТЕМГІ ЕГІН ЕГУ ЖҰМЫСТАРЫНА ҚОСЫМША 300 МЛРД ТЕҢГЕ ҚАРАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 63
 СОЗАҚ АУДАНЫНДА 20 ЖЫЛДЫҚ ТҮЛЕКТЕР ТҰРҒЫН ҮЙ ТАРТУ ЕТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 25.05.2024 24

Топ жаңалықтар

1
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 1728
2
Өркенді қала-қуатты өңірге жетелейді
Show more
Дахан Шөкшир - 2023-06-02 7759
3
Желтоқсан батырлары—саяси қуғын-сүргін құрбандарының бірі
Show more
Сұхбаттасқан Шаргүл Қасымханқызы - 2023-06-02 11636
4
Қарағандыда саяси қуғын-сүргін және ашаршылық құрбандарын еске алу күні өтті
Show more
- 2023-06-01 7806
5
Қарағандыда “Қасіретті КарЛаг” Республикалық жыр мүшәйрасы өтті
Show more
- 2023-05-31 7960