Осы жер мекенім,
жатағым,
Бұйырған дәм-тұзын татамын!
Қиналып,
қалжырап жүрсем де,
Мен сені сүйемін,
Отаным!
Мен сенен күш алдым,
от алдым,
Білесің жауыма қаталмын!
Ұрпағым жыламау үшін де,
Мен сені сақтаймын,
Отаным!
Біреудің болғанша отары,
Ұл болып өлейін баталы!
Қорғаймын елімді,
жерімді,
Тек сен тұр артымда,
Отаным!
Естіртпен дұшпанның жат әнін,
Жолына бөгет боп жатамын!
Көнемін азапқа,
тозаққа,
Сен үшін,
аяулы
Отаным!
Сеземін арсыздар сатады,
Сол менің жаныма батады!
Тойынып көзге ілмей жатса да,
Сен маған қымбатсың,
Отаным!
Қимылын бағамын бұтаның,
Сырына қанықпын жотаның!
Ешқайда сыймаймын мен сенсіз,
Сенімен биікпін,
Отаным!
Асқақтап тұрсын деп атағың,
Шоқтай боп қызарып жатамын!
Пендемін мұңға да батамын!...
Басымнан сипашы,
Отаным!













