Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА 30 ДОЗА «PFIZER» ВАКЦИНАСЫ САЛЫНДЫ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНДА 30 ДОЗА «PFIZER» ВАКЦИНАСЫ САЛЫНДЫ

 

Қараша айының 19-ы күні Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасына 30 доза «Pfizer» вакцинасы жеткізілген болатын. Т.Рысқұлов аудандық орталық ауруханасының эпидемиологы Айдана Кенжебекқызының айтуынша, жеткізілген 30 доза «Pfizer» вакцинасының бүгінде 26-сі балаларға, 1-уі бала күтіміндегі, 3-уі жүкті әйелдерге салынған.

 

Екпе 12-17 жас аралығындағы жасөспірімдерге, 16-37 апталық жүкті әйелдерге және 42 күннен асқан емізулі аналарға салынуда. Екпеден өткеннен кейін 30 минут дәрігерлердің бақылауында болады.

Балаларға екпе салмас бұрын, ата-анасынан жазбаша рұқсат талап етіледі. Егер балаға салдырғысы келмесе, ешкімді мәжбүрлемейді.

 

Сондай-ақ Т.Рысқұлов ауданына қарасты 15 ауылдық округтің бәрінде 12 жастан асқан балалар арасында коронавирусқа қарсы вакцина салу шараларының ата-анасының немесе қамқоршысының рұқсатымен ғана жүргізілетінділігі туралы медицина қызметкерлерінің қатысуымен ауыл тұрғындарымен және көпбалалы аналармен  кездесу ұйымдастырылып, түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Аталған жиында мамандар еліміздегі коронавирус індетінің статистикасы туралы, екпе алғандар мен екпе алмағандар арасындағы ауыру көрсеткіштері туралы, адам ағзасына вакцинаның пайдасы туралы айта келіп, ауыл тұрғындары мен көп балалы аналарды балаларының болашағы үшін екпе салдыруға шақырды.

 

 

 

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
23.11.2021

Ұқсас жаңалықтар

АГРАРЛЫҚ ӨҢІРДІҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ ТАЛҚЫЛАНДЫ
Арайлы ЖАҚСЫЛЫҚ, Жамбыл облысы - 03.10.2025 221
БИЛІКТЕГІ АУЫС-ТҮЙІС ХАЛЫҚҚА НЕ БЕРЕДІ?
НАҒАШЫБАЙ ҚАБЫЛБЕК - 02.10.2025 233
БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 494

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18420
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18277
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33466
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 32017
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35784