Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Е.САДЫРҚҰЛОВ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Т.РЫСҚҰЛОВ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ Е.САДЫРҚҰЛОВ ДАРЫНДЫ ОҚУШЫЛАРЫМЕН КЕЗДЕСТІ

Бүгін Т.Рысқұлов ауданының әкімі Ерболат Садырқұлов Ел Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Тұңғыш Президент күні мерекесі қарсаңында аудандық, облыстық, республикалық әр бағыттағы олимпиадалардың, байқаулар мен жобалардың жеңімпаздарымен, ауданның дарынды оқушыларымен кездесті.

Елімізде, оның ішінде Т.Рысқұлов ауданында балалар мен жасөспірімдердің  алаңсыз білім алуына, денсаулығын нығайтып, спортпен шұғылдануына, жалпы орта білім алуымен қатар шығармашылығын шыңдап, табиғи дарыны мен қабілетін даралауға барынша жағдай жасалынуда.  Бүгінгі шараға ерекше дарынымен дараланып, аудан абыройын арттырып, түрлі салада зор жетістіктерге қол жеткізіп жүрген шәкірттер бас қосты.

«Тәуелсіздің таңының жұлдызымыз» атты кеште түрлі дүбірлі додада бәйгесі оза шауып келген аудан мақтаныштары аудан әкімінің алғыс хатымен және бағалы сыйлықтарымен марапатталды.

"Қазіргі заманда білімді және кәсіби маман болу өте маңызды. Білімді адамның шамасы бәріне жетеді. Сондықтан, сендердің оқып, білім алуларың үшін, жетіліп, дамуларың үшін барлық мүмкіндіктер жасалып жатыр. Сендердің болашақтарыңның жарқын болуы — бұл тұтас еліміздің болашағының жарқын болуы деген сөз. Сендерге тек сәттілік пен жеңістер тілеймін!» , – деді аудан басшысы Ерболат Салқынбекұлы балаларды мерекемен құттықтап, оларға оқуда табыс тіледі.

Мөлдір Тастанбек Т.Рысқұлов ауданы әкімінің баспасөз хатшысы
01.12.2021

Ұқсас жаңалықтар

Қандастарымыздың оралуына зор тосқауыл қоятын пилоттық жоба қайта қаралуы тиіс!
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.02.2026 345
Екі достың арасын не бүлдірді?
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 19.02.2026 200
Бізге қандай  өзгеріс қажет?
Болат ДҮЙСЕМБІ, экономист-саясаткер, публицист, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі - 12.02.2026 276

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23645
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23299
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 39855
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36777
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 40954