Түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуда

 Түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуда
Білім саласы және Жолдау:
✍️ Түбегейлі жаңа көзқарас қалыптасуда
🟢 Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев биылғы дәстүрлі Жолдауында білім саласына көрсетіліп келе жатқан қолдау шараларына ерекше тоқталып өтті. Әрине, бұл тұрғыда барлық қазақстандықтың көзқарасы оң деп есептеймін.
🟢 Мемлекет басшысы “Қазақта «Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген сөз бар. Сондықтан, мектепке дейінгі тәрбие жұмысы басты назарда болуы керек.
🟢 Балаларды балабақшамен қамтамасыз ету мәселесін түпкілікті шешу қажет. Оған қоса, тәрбиешілердің әлеуметтік мәртебесін арттырып, жалақысын көбейту керек.»-деп, өте өзекті мәселені көтерді.
🟢 Сол секілді биылдан бастап, бірінші сынып оқушыларының тек мемлекеттік тілде оқуын ел қатты қолдап, қуана қарсы алды. Жолдауда бұл мәселе де ұмыт қалған жоқ.
🟢 «Орта білімнің сапасы – табысты ұлт болудың тағы бір маңызды шарты. Әрбір оқушының білім алып, жан-жақты дамуы үшін қолайлы жағдай жасалуға тиіс. Сол үшін «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы қолға алынды.
🟢 Біз 2025 жылға дейін 800 мың баланың заманауи мектепте оқуына жағдай жасаймыз. Осылайша, апатты жағдайдағы және үш ауысыммен оқитын мектеп мәселесін толық шешеміз. Бұл ауыл және қала мектептерінің айырмашылығын едәуір азайтады.
🟢 Жалпы, мектеп салу Үкімет және әкімдіктер үшін басты міндеттің бірі болуы керек.
🟢 Жемқорлар сотталғанда, олардың заңсыз тапқан қаржысы мемлекетке өтіп, түгелдей мектеп құрылысына жұмсалуға тиіс. Үкімет осы бастаманы заң тұрғысынан рәсімдеу туралы шешім қабылдауы керек.
🟢 Мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету аса маңызды. Әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын кейбір топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажет деп санаймын. Мектеп формасына арналған мемлекеттік тапсырысты отандық жеңіл өнеркәсіпті дамытуға бейімдеген жөн.»-деді Президент.
🟢 Бұл жерде мектеп формасын барлық оқушыға барынша қолжетімді ету мақсатында әлеуметтік тұрғыдан әлсіз саналатын топтағы балаларға оны бюджет есебінен беру қажеттігі халық күтіп отырған зор қолдау.
🟢 «Әділетті Қазақстанды құру ісінде мұғалімдердің рөлі айрықша екені сөзсіз. Мемлекетімізде соңғы жылдары ұстаз мамандығының абырой-беделін арттыру үшін көп жұмыс жасалды. Дегенмен, бұл бағытта әлі де біршама өзгерістер жасау қажет.
🟢 Педагогикалық жоғары оқу орындарын аккредитациялаудың жаңа стандарты қабылданады. Сондай-ақ, ұстаздардың құзырет аясы айқындалады.»-деді Президент.
🟢 2020 жылдан бері мұғалімдердің жалақысы жыл сайын 25 пайызға өсіп келе жатқанын білеміз. «Миллионға жуық адам осы жобаның игілігін көрді – тұрғын үй мәселесін шешіп, баспаналы болды.
🟢 Еліміз өркендеп, дамып қана қоймай демографиялық көрсеткіште жоғарылауда.
🟢 Мұның айқын дәлелі биыл Қазақстан халқы 20 млн-ға жетті!
🟢 Осы орайда бүгін ел Президенті «Ұлттық қор – балаларға» жобасын заңнамалық түрде бекіткенін ерекше атап өткеніміз абзал.
🟢 Енді қордың инвестициялық табысының 50%-ы балалардың жеке шотына аударылатын болады. Бұл игі істердің бастамасы ғана.
🟢 «Жайлы мектеп» жобасы аясында 400-ге жуық мектеп салынады. Қазір ауылдық жерде 300-ден астам денсаулық сақтау нысаны салынып жатыр. «Ұлттық қор – балаларға» жобасы қолға алынды» деді Мемлекет басшысы.
🟢 Сонымен қатар, «Жайлы мектеп» ұлттық жобасын жүзеге асыру біздің өңірімізде де жүзеге асуда.
🟢 Оның аясында жуырда ғана Жамбыл облысы Т.Рысқұлов ауданында «AMANAT» партиясының өңірлік сайлауалды бағдарламасы аясында 300 орындық жаңа мектеп пайдалануға берілді.
🟢 Биыл колледж студенттерінің шәкіртақысы 30 пайызға өсуде.
Бұл білім саласына көрсетілген қолдау және білім алушы жастарға үлкен мотивация дер едім.
🟢 Дәрігерлердің айлығы да айтарлықтай көбейді. Қазір олардың табысы еліміздегі орташа жалақыдан әлдеқайда жоғары. Сонымен бірге қазақстандықтарға зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігі берілгенін де айта кетуіміз керек.
🟢 Расында, Жолдау еліміздегі қазіргі жағдайды терең талдай отырып жасалғаны анық. Өйткені ел өмірінің көп саласына қатысты тыңғылықты тұжырымдар айтылды. Президент әлеуметтік саланы қолдау, экономиканы ілгерілету турасында маңызды бетбұрыстар жасауға шақырды.
🟢 Сондай-ақ, Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке «AMANAT» партиясының «Ауыл аманаты» жобасын ары қарай да жандандыру туралы нақты тапсырмалар жүктеді.
🟢 Жолдауда партияның тағы бір нәтижелі жобаларының бірі «Қарызсыз қоғам» жобасына да баса назар аударылды. Мемлекет басшысы Үкіметке партиямен бірлесіп, оның ауқымын кеңейтуді тапсырды.
🟢 Жақында ғана Мемлекет басшысы «Ұлттық қор – балаларға» жобасын 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап іске қосу үшін заңнамалық түзетулерге қол қойды.
Ұлттық қордың инвестициялық табысының 50%-ы 18 жасқа дейінгі барлық бала арасында бөлінетін болады.
💰2023 жылғы 1 қаңтардан бастап ең төменгі жалақы мөлшері 60 мың теңгеден 70 мың теңгеге дейін көбейді.
🟢Осының арқасында әртүрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда барлық сала бойынша жұмыс істейтін шамамен 1,8 млн жалдамалы қызметкердің табысы өсті.
✅Бала күтімі бойынша мемлекеттік жәрдемақы мен әлеуметтік төлем беру мерзімі 1 жылдан 1,5 жылға дейін ұзартылды.
🟢Осы жылдың 1 қарашасындағы жағдай бойынша шамамен 632 мың ата-ана 258 млрд теңгеден астам сомаға төлем алды
.
⚡️Бұрын тауар түрінде берілген атаулы әлеуметтік көмек (АӘК) алушылар қатарынан 1 жастан 6 жасқа дейінгі балаларға арналған кепілдендірілген әлеуметтік пакет монетизацияланды.
🟢Биылғы 1 қарашадағы жағдай бойынша 6 млрд теңге сомасына 182 мың балаға қосымша төлем тағайындалды.
✅ Аталмыш бастама біздің аймақтағы аяқ алысы ауыз толтырып айтарлықтай. Мамыр айынан бүгінгі күнге дейін облыстың 100-ге жуық ауылында сан мыңдаған аса азамат оқуға тартылды.
✅ Жолдауда барлық азаматқа тең мүмкіндік беру арқылы экономикалық дамуды қамтамасыз ету, білім, денсаулық сақтау саласын, орта және шағын бизнесті дамыту, жастар арасындағы кәсіпкерлікті ілгерілетудің жаңа мүмкіндіктері, ел байлығын ұтымды пайдалану, жерді тиімді игеру, сот жүйесін жаңғырту сияқты көптеген басым бағыттар қамтылды.
✅ Жолдауды ел ертеңін еңселі етіп, ұлтты ұйыстыруға, әлеуметтің әлеуетін арттыруға бағытталған тарихи құжат деп айтуға толық негіз бар.
✅ Ол билік пен қоғам арасындағы диалог нығайып, «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасының жүзеге асып жатқанына дәлел бола алады.
Эльмира Койлыбаева, Жамбыл облыстық мәслихат депутаты
21.11.2023

Ұқсас жаңалықтар

АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
САУРАНДА 1,5 МЛРД. ТЕҢГЕНІҢ ЖОБАСЫНА МЕМОРАНДУМ ЖАСАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 42
 САЙРАМ АУДАНЫНДА АГРОСАЛАДА АУҚЫМДЫ ЖОБАЛАР ЖҮЗЕГЕ АСУДА
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 92
САРЫАҒАШТА «АЛТЫН КҮЗ-2024»  МЕРЕКЕСІ АТАЛЫП ӨТТІ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 36
 САУРАНДА ЖЫЛЫНА 2 МЫҢҒА ЖУЫҚ ЖҰМСАҚ ЖИҺАЗ ШЫҒАРАТЫН ЦЕХ АШЫЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 95
МАҚТААРАЛДА ҚАЗАҚ КҮРЕСІНЕН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «АУЫЛ БАРЫСЫ» ТУРНИРІ БАСТАЛДЫ
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі - 24.11.2024 29
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 32
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 204
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 209
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 422
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 385

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9078
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8476
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11704
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9467
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10685