Туберкулез

Туберкулез

Туберкулез – бұл туберкулез микобактериясы Кох таяқшасы  туғызатын және науқас адамнан сөйлеген, жөтелген және түшкірген кезде өкпе тінін басымдықпен оқшаулай отырып, ауа жолдары арқылы берілетін инфекциялық ауру.

Туберкулез — бұл тек өкпе ауруы ғана емес, өкпеден тыс туберкулез – барлық басқа ағзалар мен тіндердің туберкулезі (плевраның, лимфа түйіндерінің, іш қуысының, несеп-жыныс жүйесінің, терінің, буындар мен сүйектердің, бас және/немесе жұлын қабықтарының туберкулезі) болады. Алайда өкпе туберкулезі жиі кездеседі.

Жұқтырудың негізгі көзі — туберкулездің ашық түрімен ауыратын, яғни сыртқы ортаға микобактерияны бөлетін адам.

Туберкулез қалайша тарайды?

Туберкулез адамнан адамға ауамен таралады. Жөтелгенде, түшкіргенде немесе қырғанда өкпе туберкулезі бар адамдар ауаға туберкулез бактерияларын жаяды. Жұқтыру үшін адамға осындай бактериялардың аз ғана мөлшерін дем алуы жеткілікті. Туберкулез қоздырғышының сыртқы ортада ұзақ уақыт сақталу қабілеті бар, мысалы, микобактериялар тозаңданған, көгерген үй-жайларда адам үшін қауіпті болады, жылдар бойы өмір сүруге қабілетті. Науқас адам жөтелгенде қақырықпен бірге, түшкіру, сөйлеген кезде қоршаған ортаға 2-6 м радиуста ауада таралатын миллиондаған микобактерияларды бөледі, олар еденге, заттарға шаңмен бірге қонады және көптеген жылдар бойы өміршең болады.

Туберкулез ауруына тек адамдар ғана емес, сонымен қатар малдар да шалдығады: сиыр, ешкі, бұғы, түйелер. Ауру жануардың сүті немесе ет өнімдері адам үшін жұқтыру көзі болуы мүмкін.

Туберкулезді қалай анықтауға болады?

  1. Тері туберкулин сынамасы (Манту), АТР тесті адамның жұқтырғанын көрсетеді.
  2. Рентгенологиялық тексеру (флюорография) өкпенің зақымданғанын көрсетеді.
  3. Қақырықты микроскопиялық тексеріп, зерттеу жөтел кезінде бөлінетін микробтардың бар-жоғын анықтайды.

Туберкулездің алдын алу шаралары

  1. Салауатты өмір салты.   Бұл мақсатқа жету үшін ең жақсы жолы — күн тәртібін құру және ағзаны шынықтыру.
  2. Таза ауада серуендеу, күн және су процедуралары, дене шынықтырумен айналысу, демалыс пен еңбек жүктемесінің дұрыс үйлесімі, толыққанды, дәрумендерге бай тамақтану, жеткілікті және уақтылы ұйқы, яғни дұрыс гигиеналық тәртіп адам ағзасының нығаюына ықпал етеді және оны туберкулез ауруынан қорғайды.
  3. Жыл мезгіліне қарамастан, таза ауада мүмкіндігінше көбірек болу қажет, өйткені таза ауа ағзаға жақсы әсер етеді және шынығудың тамаша жолы болып табылады.
  4. Жеке гигиена ережелерін сақтау: жуу құралдарын және ағынды суды пайдалана отырып, қолды, ыдыстарды жуу, тұрғын үй-жайларды ылғалды жинау және желдету, ет пен сүтті міндетті термиалық өңдеу, жеке гигиеналық құралдар мен ыдыстарды пайдалану, су процедуралары — сүртіну, құю, душ.
  5. Жөтел этикетін сақтау
  6. Туған кезде БЦЖ-мен міндетті түрде вакцинациялау.
  7. Тәуекел топтағы адамдар Матну сынасын мен уақытылы ФГ түсірілімін медициналық ұйымдарда тәуекел топтар мен міндетті топтардың арасында ФГ түсірілімін уақытылы өту.

 

Наурызбай ауданының

снитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының басшысы

В.Конеева

 

Наурпызбай ауданының

санитариялық-эпидемиологиялық

бақылау басқармасының

эпидемиологиялық бақылау

бөлімінің басшысы

Н.Равева

09.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 523
«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 523

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20843
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20627
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35759
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34279
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38156