Түркістанда мемлекеттік қызметшілер арасында жылдағы дәстүрлі спартакиада өтті. Екі күнге созылған тартысты жарысқа өңірдегі барлық аудан, қаласы мен департамент және басқармалардан құралған 28 команда қатысып, 8 спорт түрінен өзара мықтыны анықтады.
Сайыс нәтижесінде жалпы командалық есепте Түлкібас ауданы әкімдігінің құрамасы 1-орын иеленді.Бәйдібек ауданы командасы 2-орын, ал Отырар ауданының құрамасы 3-орыннан көрінді. Түлкібас ауданы әкімдігінің құрамасы 8 спорт түрінің 5-нен үздік нәтижеге қол жеткізіп, жеке дара топ жарып, облыс чемпионы атанды. Атап айтсақ, командалық есепте қазақша күрес 1-орын, гір тасын көтеру 1-орын, жүзу спорты 2-орын, волейбол 2-орын, үстел теннисінен 3-орынды иеленді.
Жарыс қорытындысымен жекелей сында үздік атанып, бас жүлдені иеленген, қазақша күрестен Рысқұлов ауылдық округінің бас маманы Зиабек Диас, жүзу спортынан аудан әкімі аппаратының бас инспекторы-баспасөз хатшысы Иманбаев Бақытжан, гір тасын көтеруден аудандық ауыл шаруашылығы және жер қатынастары бөлімінің бас маманы Әділхан Турақұлов және волейболдан жақсы ойынымен облыс құрамасына еніп, жуырда Ақтөбе қаласында өтетін республика чемпионатына жолдама алды.