Тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік қоры жеткілікті

Жамбыл облысының әкімі Нұржан Нұржігітовтің төрағалығымен өткен жиында әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру мәселесі қаралды. Кәсіпкерлік және индустриалды-инновациялық даму басқармасы мен «Тараз» ӘКК басшылары әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру және бекітілу жұмыстарының барысы туралы баяндады.  Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларына баға индексі жыл басынан бері 2,0 пайызды (республика бойынша – 2,1%) құрады.  ӘМАТ бағасын тұрақтандыру мақсатында делдалдарды анықтау және жою, өнімдерді тікелей жеткізуді ұйымдастыру, ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерін өткізу, көкөністерге тауарлық интервенция жүргізу, бақылау-кассалық аппарарымен жабдықталған нүктелерді сапалы және төмен бағалардағы өнімдермен қамтамасыз ету бойынша шаралар қабылдануда.  Форвардтық келісімшарт бойынша 1000 тонна пияз, 500 тонна картоп, 500 тонна қырыққабат, 1000 тонна сәбіз жеткізу жоспарлануда. Ал, «Айналым схемасы» бойынша «Magnum» сауда желісімен 18 млн. теңгеге, «Дәмді себет»-пен 120 млн. теңгеге, «Эко чикен»-мен 50 млн. теңгеге келісім-шарттар жасалған.      Тұрақтандыру қорын қалыптастыру және пайдалану тетігін жүзеге асыру үшін 4000 тонна ұн, 50 тонна қарақұмық, 200 мың литр күнбағыс майы, 50 тонна күріш, 1 миллион дана жұмыртқа сатып алу көзделуде. – Тұрақтандыру қорында «айналым схемасы» бойынша азық-түліктің жеткілікті мөлшерін қалыптастыру үшін қомақты қаржы қаралған. Баға өскен жағдайда тауарлық интервенцияны жүзеге асыруға мүмкіндік бар. Қазіргі уақытта тұрақтандыру қорында әлеуметтік маңызы бар өнімдер жеткілікті. Нан бағасын тұрақтандыру мақсатында астық құны субсидиялануда, тұрақтандыру қорынан да наубайханаларға ұн беріледі. Әлеуметтік дүкендердің жұмысы басты назарда болуы тиіс. Бағаның төменділігі өнімнің сапасыздығын білдірмейді. Біз тұрғындарды жаңа және сапалы өніммен қамтамасыз етуге күш саламыз, – деді Нұржан Нұржігітов.  Жиын қорытындысы бойынша аймақ басшысы жауапты тұлғаларға жергілікті тауар өндірушілерден тікелей жеткізілімдерді ұйымдастыру, апта сайын өтетін жәрмеңкелер туралы халықты кеңінен хабардар ету, сауда саласындағы заң бұзушылықтарды анықтау жөнінде тапсырмалар берді. 

Жамбыл облысы әкімдігі
16.02.2023

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 101
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 113
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 204
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 204
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 342
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 343
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 573
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 517

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9221
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8617
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11843
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9613
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10826