Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға

Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға

2024 жылдың 25 қарашасында № 88 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушыларына Тұрар Рысқұловтың туғанына 130 жыл толуына орай, «Тұрар Рысқұлов – тарихи тұлға!» атты  дәріс өткізілді. Іс-шара аясында № 88 жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушылары қатысып, белсенділік танытты. Сабақ өткізу барысында Рысқұловқа арналған «Тұрар Рысқұлов» атты деректі фильм көрсетілді. Сонымен қатар, оқушылар бұл дәрісте Тұрар Рысқұловтың өнегелі өмір жолы, халқына, ұрпағына қалдырған мол мұрасы, халқын теңдікке жеткізу жолындағы атқарған қызметімен таныстырып, оқушыларды халқын сүюге үйрету, еңбекке құштарлық сезімдерін туғызу мақсатымен туралы сыр шертетін слайд-шоу тамашалады.

 Сталиннен қаймықпай, елінің мүддесі үшін қызмет еткен қайсар тұлғаның қазақ тарихында алар орны да ерекше. Әсіресе оның мыңдаған қазақты аштықтан құтқарып қалғанын ел аңыз ғып айтады. Белгілі Халық жазушысы Шерхан Мұртаза ол туралы «Қызыл жебе» атты роман жазып, кітап жазу арқылы Тұрарға ескерткіш сомдады.

 Тұрар Рысқұловтың өмірі мен қызметі әрбір қазақ үшін үлкен үлгі. Ол ұлттың болашағы үшін өз өмірін арнап, қазақ халқының дербестігі мен тәуелсіздігін қорғауға тырысты.  Ол  сияқты тұлғалардың ерлігі мен жанқиярлығы әрқашан біздің жүрегімізде сақталады. Отанды сүю, ұлтты құрметтеу – әрбір азаматтың басты міндеті.

 

Санжар АБДУРУСУЛ,

ҚР Мемлекеттік орталық музейінің

экскурсия мен экскурсиялық қызметтерді

ұйымдастыру тобының маманы

29.11.2024

Ұқсас жаңалықтар

БАЛА ӨЛІМІНЕ БЕЙ-ЖАЙ ҚАРАУ – БОЛАШАҚҚА ОПАСЫЗДЫҚ ЖАСАУ
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері - 26.09.2025 323
Бас жоспар   жарты млн тұрғынға арналған
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы (Облыс әкімінің баспасөз қызметінің мәліметі негізінде дайындалды) - 25.09.2025 168
Пәкістаннан пана таппаған қазақтар
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 25.09.2025 469
22 ЖЫЛДЫҚ ТАРИХЫ БАР ЖИЫН НЕСІМЕН ҚҰНДЫ?
Нағашыбай Қабылбек - 25.09.2025 316

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 18233
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 18094
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 33281
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 31832
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 35540