Тұрғын үй құрылысын дамыту

Тұрғын үй құрылысын   дамыту

2021-2025 жылдарға бағытталған «Қуатты өңірлер – ел дамуының драйвері» ұлттық жобасы Нұр-Сұлтан қаласында қарқынды дамып келеді. Жоба мақсаты – базалық қызметтерге азаматтардың қолжетімділігін арттыру, тұрғын үй құрылысын дамыту, тұрғын үй коммуналдық жағдайын жақсарту және көліктік байланысты қамтамасыз ету. 

Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Қайырбек Өскенбаев: 5 айдың қорытындысы бойынша тұрғын үйді пайдалануға беру көлемі 103,4%-ға және тұрғын үй құрылысына инвестициялар 122,8%-ға орындалды. Алайда Маңғыстау, Павлодар және Солтүстік Қазақстан облыстарында өткен жылмен салыстырғанда тұрғын үйді пайдалануға беру көрсеткішінің төмендегені байқалды. Аталған облыстарда әкімдіктердің тұрғын үй нысандарындағы құрылыс жұмыстарын жандандыруы қажеттігін атап өтті.

2022 жылы елімізде  15,1 млн шаршы метр немесе 138 мың тұрғын үй салу жоспарланып отыр. Өңірлерде кезекте тұрғандар үшін «Отбасы банкінің» несиелік бағдарламалары арқылы сатылатын 9,8 мың пәтер салынып жатыр. Сондай-ақ, «Бақытты отбасы» бағдарламасы бойынша кезекте тұрған 5 мыңнан астам адам мен жеке тұрғын үй қорынан баспананы жалға алғаны үшін тұрғын үй төлемдерін субсидиялаумен кезекте тұрған 70 мыңға жуық адамды қамтуды жоспарлап отыр. Бүгінде 25 мыңнан астам өтінім қабылданып, олардың 6 мыңға жуығы мақұлданды.

 «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша жеке тұрғын үй қорының жалдау ақысын субсидиялау тетігі іске асырылуда. Бүгінде «Отбасы банк» 6 мыңнан астам өтінімді мақұлдады», – деді  «Бәйтерек» ҰБХ» АҚ басқарма төрағасы Қанат Шарлапаев. Өтінім беру процесі автоматтандырылған, otbasybank.kz платформасында бағдарлама талаптарына сәйкес келетін кез келген қазақстандық ЭЦҚ арқылы субсидиялауға өтінім бере алады. 

 

Балжан АЛЖАНОВА
21.07.2022

Ұқсас жаңалықтар

ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 121
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 120
Бәйтерек ауданы:  Берері мол бағдарламаның жемісін көруде
Ләззат ҚАЖЫМОВА, Батыс Қазақстан облысы - 15.11.2024 636
Бірлік қайда болса, еркіндік сонда, Еркіндік қайда болса, елдік сонда
Бейбітбек БҮРКІТБАЙҰЛЫ, Қызылорда облысы - 15.11.2024 754
ТУҒАН КЕНТІНЕН ЗАУЫТ АШҚАН ЖАҚСЫЛЫҚ
Тұрақ АДИСҰЛЫ, Қазақстан Журналистер одағының мүшесі, Қызылорда облысы, Жалағаш ауданы - 15.11.2024 667
Аспан таулар етегіндегі  еңбекқор жандар
Ертай АЙҒАЛИҰЛЫ, Асым СУЛАЙМАНОВ, Алматы облысы - 13.11.2024 679

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 8812
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8211
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11438
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9193
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10422