Референдум

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен ТҮРКПА арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры мен ТҮРКПА арасында өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қойылды

        2026 жылғы 11 наурызда Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова Түркі мемлекеттері Парламенттік Ассамблеясының (ТҮРКПА) штаб-пәтеріне барып, ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Гасановпен кездесу өткізді.

     Кездесу барысында Түркі мәдениеті және мұрасы қорының Президенті, профессор Ақтоты Райымқұлова Қор жүзеге асырып жатқан бастамалар туралы ақпарат беріп, түркі халықтарының ортақ құндылықтары олардың рухани өзегін құрайтынын ерекше атап өтті. Ол Қордың негізгі мақсаты – осы көне мұраны сақтау ғана емес, сонымен қатар оны заманауи талаптарға сай халықаралық деңгейде лайықты түрде насихаттау екенін айтты. Сонымен қатар Қор Президенті ТҮРКПА-мен тығыз ынтымақтастық орнату ортақ мәдени мұраның құқықтық негізін нығайтуға және түркі әлемінің бірлігін одан әрі тереңдетуге ықпал ететінін атап өтті.

     ТҮРКПА Бас хатшысы Рамиль Гасанов делегациямен кездесу барысында 2026 жылғы 15 наурызда Қазақстанда өтетін конституциялық Референдумды бақылауға дайындық туралы ақпарат беріп, жүргізіліп жатқан реформалардың түркі әлемі үшін маңыздылығын атап өтті. Ұйымның заңнамалық саладағы рөлін атап өткен Бас хатшы Түркі мәдениеті және мұрасы қорымен тұрақты комиссиялар шеңберінде, әсіресе мәдени мұраны қорғауға арналған үлгілік заңдарды әзірлеу және болашақ бірлескен бастамаларды қолдау бағытында ынтымақтастыққа дайын екенін мәлімдеді.

    Кездесу түркі мемлекеттері арасындағы мәдени және саяси байланыстарды нығайтуға, сондай-ақ түркі мәдени және саяси мұрасын өңірлік және халықаралық деңгейде ілгерілетуге бағытталған өзара түсіністік туралы Меморандумға қол қою рәсімімен аяқталды.

13.03.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 23846
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 23514
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 40615
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 36955
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 41195