Түркі мәдениеті және мұрасы қоры WUF13 аясында дәстүрлі түркі үйлерінің сәулет мұрасын таныстырды

Түркі мәдениеті және мұрасы қоры WUF13 аясында дәстүрлі түркі үйлерінің сәулет мұрасын таныстырды

2026 жылғы 18 мамырда Баку қаласында өтіп жатқан Дүниежүзілік қалалар форумының 13-сессиясы (WUF13) аясында Түркі мәдениеті және мұрасы қоры «Мұрадан тұрақтылыққа: түркі үйлері» тақырыбында панельдік сессия ұйымдастырды.

Іс-шараның ашылуында сөз сөйлеген Түркі мәдениеті және мұрасы қорының президенті Ақтоты Райымқұлова осындай беделді халықаралық форумның Баку қаласында өтуінің маңыздылығына ерекше тоқталып, бұл форум үкімет өкілдері, ғалымдар, сәулетшілер, халықаралық ұйымдар мен азаматтық қоғам өкілдері бас қосатын маңызды жаһандық алаң екенін атап өтті.

Ақтоты Райымқұлова өз сөзінде түркі үйлері тек тұрғын кеңістігі ғана емес, сонымен қатар әлеуметтік үйлесімнің, табиғатпен етене үндестіктің және қауымдық өмір салты мәдениетінің көрінісі екенін айтты. Сондай-ақ дәстүрлі сәулет мұрасын сақтау тұрақты дамудың маңызды құрамдас бөлігі екенін ерекше атап өтті.

Сөзінің соңында Қор президенті Әзербайжан Республикасының Үкіметіне, Түркия Республикасының Қоршаған орта, урбанизация және климаттың өзгеруі министрлігіне, Дүниежүзілік қалалар форумының ұйымдастырушыларына және серіктес ұйымдарға осындай маңызды халықаралық іс-шара аясында панель өткізу мүмкіндігін ұсынғаны үшін шынайы алғысын білдірді.

Панель барысында дәстүрлі түркі үйлерінің сәулеттік болмысын сақтау, мәдени мұра арқылы қалалардың тұрақтылығын арттыру, сондай-ақ тарихи қалалардағы тұрақты реставрация тәжірибелері жан-жақты талқыланды.

Сессия Түркі мәдениеті және мұрасы қоры жобаларының жетекшісі Нури Ақсудың модераторлығымен жалғасты. Талқылауға Мимар Синан атындағы Бейнелеу өнері университеті сәулет факультетінің құрметті профессоры Оғыз Джейлан (Түркия), Әзербайжан Республикасы Мәдениет министрлігі жанындағы Мәдени мұраны қорғау, дамыту және қалпына келтіру мемлекеттік қызметінің басшысы Сабина Гаджиева, Трабзон муниципалитетінің мэрі Ахмет Метин Генч (Түркия), сондай-ақ археолог, Тарихи-мәдени ескерткіштерді қорғау және қалпына келтіру дирекциясының басшысы Сауран Калиев (Қазақстан) қатысып, өз елдерінің тәжірибесімен бөлісті.

Панель қорытындысы бойынша түркі мемлекеттері арасында ортақ сәулет мұрасын сақтау және оны заманауи қала құрылысы үлгілеріне енгізу бағытындағы ынтымақтастықты нығайту мақсаты белгіленді.

19.05.2026

Ұқсас жаңалықтар

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 25210
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 24723
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 42155
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 38009
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 42489