Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі арасында кездесу өтті

Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі арасында кездесу өтті

2025 жылғы 4 желтоқсанда Түркі Мәдениеті және Мұрасы Қорының Президенті Ақтоты Райымқұлова мен Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек арасында кездесу өтті.

Кездесу барысында тараптар түркі әлемінде ғылым мен білім саласындағы ынтымақтастықты кеңейту, бірлескен ғылыми-зерттеу жобаларын ілгерілету, жоғары оқу орындары арасындағы академиялық байланысты нығайту, сондай-ақ жас ғалымдарға арналған алмасу бағдарламаларын дамыту мәселелерін талқылады.

Ақтоты Райымқұлова Қор жүзеге асырып жатқан мәдени мұраны зерттеу және насихаттауға бағытталған жобалар туралы ақпарат беріп, әлемнің жетекші жоғары оқу орындарымен бірлесіп жүзеге асырылуы жоспарланған Жазғы мектептер жобасы ғылыми алмасуды кеңейтуге мүмкіндік беретінін атап өтті.

Қазақстан Республикасының Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мырза Министрлік Қордың қызметін жоғары бағалайтынын және осы бағыттағы бастамаларды әрдайым қолдауға дайын екенін ерекше атап өтті.

Кездесуде өзекті мәселелер бойынша мазмұнды пікір алмасу өтіп, болашаққа арналған нақты бірлескен жұмыс жоспарлары талқыланды.

07.12.2025

Ұқсас жаңалықтар

«Ұлттық баспасөзге  деген сенім мен құрмет үзілмесін!» деген ел Президентінің пәрменін аяққа таптаған кім?
Сәуле МЕШІТБАЙҚЫЗЫ, ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, «Құрмет» орденінің иегері - 28.11.2025 470
Ымырт ерте үйірілетін өлке
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 28.11.2025 470
Әлеуеті артып  келе жатқан аймақ
Ерқазы СЕЙТҚАЛИ - 27.11.2025 411

Топ жаңалықтар

1
Алматыда көшкін қаупі сейілген жоқ
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-20 20790
2
Алматы төтенше жағдайларға дайын ба?
Show more
Камила Мүлік - 2025-02-13 20574
3
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
- 2024-11-30 35690
4
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 34227
5
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 38102