Түркіменстан: Бердімұхамедов «Тозақ қақпасын» жабуды талап етті

Түркіменстан: Бердімұхамедов  «Тозақ қақпасын» жабуды талап етті

    Өткен аптаның сенбісі күні мемлекеттік телеарнада сөз сөйлеген Түркіменстан президенті Құрбанғұлы Бердімұхамедов мамандарға «Тозақ қақпасы» деп аталатын газ кратеріндегі өртті сөндіру жолын табуды тапсырып: «Қарақұм шөліндегі бұл өрт – қоршаған орта мен жақын маңда тұратын адамдар өміріне қауіп төндіреді. Сондай-ақ, біз халықтың жағдайын жақсартып, пайда таба алатын табиғи қордан айырылып жатырмыз», – деді.  Бердімұхамедов мамандардан өртті сөндіру жолын табуды алғаш рет 2010 жылы талап еткен. Бұл жолы президент вице-премьер Шахым Әбдрахмановқа шетелдік мамандарды тарта отырып өртті сөндіруді тапсырыпты.

Еске салсақ, «Тозақ қақпасындағы» өрт 1971 жылы басталған. Ұңғыма қазу кезінде топырақтың беткі қабаты жер асты үңгіріне түсіп, газ толы алып шұңқыр пайда болған. Геологтар уақыт өте сөнеді деген сеніммен газды өртеген. Алайда газ әлі де жануда.  Кратердің ұзындығы 70 метр, тереңдігі 20 метр. Ол Ашхабадтың солтүстігіндегі Қарақұм шөлінде, Дарваза ауылының жанында орналасқан. Кратер Түркіменстандағы туристер келетін негізгі орынға айналды. Ал 2018 жылдан бастап атауы «Қарақұм сәулесі» деп өзгертілген.

Ермек Сахариев
20.01.2022

Ұқсас жаңалықтар

МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТТЕРДІ АЛУШЫЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫ БҰЗЫЛМАУЫ ТИІС
Р.Шарипов, ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Жамбыл облысы бойынша департаментінің басшысы - 26.11.2024 64
Таласқа ешкімнің таласы жоқ
Serik Salemov, Жамбыл облысы әкімінің орынбасары - 26.11.2024 64
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
АЛҚАБЫ АСТЫҚҚА ТОЛҒАН АҚМОЛА
Дахан ШӨКШИР, Ақмола облысы - 25.11.2024 171
Жаңа мектеп есігін айқара ашты
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
АҚТӨБЕ   ДЗЮДОШЫЛАРЫ АЛДА!
М.Табын, Ақтөбе облысы - 23.11.2024 314
КВАДРОБЕР – ҰЛТ  БОЛАШАҒЫНА  ҚАУІПТІ ДЕРТ
Сәуле Мешітбайқызы - 21.11.2024 536
ЕҢБЕККЕРЛЕРГЕ ҚҰРМЕТ КӨРСЕТІЛГЕН КҮН
Нағашыбай ҚАБЫЛБЕК - 21.11.2024 485

Топ жаңалықтар

1
«Балалық шаққа инвестиция» форумы не шешеді?
Show more
Жарқынай БАККУМЕК - 2024-06-14 9189
2
Пәтер сатып алғанда абай болыңыз!
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-14 8587
3
Алты алаштың басы қосылса, төр – мұғалімдікі
Show more
АҚҚУ СӘЛІМБЕК - 2024-06-12 11815
4
Ойынқұмарлық дендеп барады
Show more
Аққу СӘЛІМБЕК - 2024-06-10 9584
5
Жасанды интеллект Президенттің ақыл-ой деңгейін тексерді
Show more
smi24.kz - 2024-03-18 10798